Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

С.Аманжолов атындағы ШКМУ ректоры А.Абжаппаровқа -70 жас

 С. Аманжолов атындағы ШҚМУ –да  2001 жылдың шілде айынан 2005 жылдың тамызына дейін  ректор болған Абжаппаров Абдумуталип Абжаппарович  бүгін  70 жасқа толды.

 «Жақсының жақсылығын айт,  нұры тасысын» дейді халық даналығы. Әбдумүталип Әбжаппаров біздің университетке Ережеп Әльхаирұлы сияқты білгір де абыройлы ректордан кейін келді.

 Университет ұжымы «Ендігі  күніміз қалай болады  екен?» деген ойда болғанын жасыра алмаймын. Бірақ ол өзінің  еңбекқорлығымен,адами қасиетімен, адамдарға деген қамқорлығымен университетті шырқ үйіріп басқарып кетті. Ол кісінің келуі мен басқарып отырған практикалық қазақ тілі кафедрасының ұжымына абырой мен атақ әкелді, себебі, ол ең алдымен мемлекеттік тілдің дамуына көп көңіл бөлді, тіпті,  республика көлеміңде алғаш рет кейбір мамандықтарда қазақ тілін тереңдетіп оқытудан орыс тілде білім алатын топтарда эксперимент те басталып кетті.

Оның пікірінше: «...Республикамызда қазақ тілін оқытуға қыруар ақша бөлінеді, алайда сөйлеп кеткен адамдар жоқтың қасы. Сондықтан әлемдік әдістемелерді қолға алып, өз мүмкіндіктерімізді барынша пайдаланып, басқа ұлт өкілдерінен тұратын студенттерге мемлекеттік тілді меңгертуіміз керек». 

Бұл жауапкершілік сол кезде мен басқарып отырған практикалық қазақ тілі кафедрасына жүктелді. Бізге университет басшылығы тарапынан  көп қолдау көрсетілді: оқу жоспарларына өзгерістер еңгізілді, сағат көлемі өсті, заман талабына сай кабинет жабдықталды, оқытушылардың біліктілігі  шыңдалды, эксперимент топ студенттеріне арналып оқу құралы дайындалды, кысқасы, барлық жағдай жасалынды. Соның нәтижесінде,  біздің студенттеріміз біраз уақыт өткен соң, қазақша емін - еркін сөйлеу дәрежесіне жетіп, ел аузына ілікті, олар туралы тек облыстық қана емес, республикалық газеттер де  жаза бастады.

Мысалы, «Казахстанская правда» газетінде  В.Васильченконың «Методом глубокого погружения» атты мақаласы жарық көрді.  Автор: «Впервые  в Казахстане в государственном вузе начинается эксперимент «погружения» в изучение казахского языка. Автор идеи ректор ВКГУ Абдумуталип Абжаппаров уверен:  необходимы более современная методика и новые подходы в обучении» деп жазған болатын. Осы басылымның тілшісі В. Шевченконың да «По оригинальной методике» деген мақаласында: « В Восточно-  Казахстанском государственном   государственном университете успешно завершен первый этап эксперимента по углубленному изучению казахского языка. По словам ректора А. Абжаппарова, инициировавшего  языковой эксперимент, предстоящий  летний юбилей вуза должен быть отмечен конкретными успехами  в этом деле» делінген. Ал «Казахстанская правда» газетінің тілшісі С.Абенова өзінің : «Казахский язык по оригинальной методике» деген мақаласында: «...Ректор Абдумуталип Абжаппаров, впервые в Казахстане инициировал подобный языковой экперимент, верит в то, что со временем он станет обычной практикой для всех вузов республики» деп жазған  болатын.

2006 жылы біздің қаламызда  мемлекеттік тілді дамыту мәселесі бойынша « Мемлекеттік тілдің ахуалы: проблемалары және оны шешу жолдары» атты Халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференция өткен болатын. Конференцияға  республикамыздың қоғам қайраткерлері, тіл жанашырлары Әбдуали Қайдар, Өмірзақ Айтбайұлы сынды ғалымдар қатысқан болатын. Университет ректоры Ә. Әбжаппаров білім ордамыздың мемлекеттік тілді дамытуға қатысты іс- шаралары туралы баяндама жасады. Осы конференцияға  қатысқан еліміздің ардақты жазушысы, әйгілі қоғам қайраткері марқұм  Әбіш Кекілбаев  біздің университет студенттерінің қазақ тілін меңгеру деңгейін  жоғары бағалады.

Өз сөзінде ол: « ...мәжіліс депутаттарын Өскеменге тіл үйретуге жіберу керек екен» дегені. Бұдан артық қандай мақтау керек ? Міне, сол кездегі университеттегі тіл төңірегіндегі тіршілігіміз осындай еді. Сонымен қатар эксперимент топ студенттері 2003 жылы университетімізге Сарсен Аманжоловтың есімі берілген кезде де, мерекелік  іс - шараға  келген салиқалы қонақтарды тағы бір қуантты. Сөйтіп, олар үнемі ел алдына шығып, өздерінің  қазақ тілін меңгеру деңгейін паш етіп жүрді. Олардың жетістіктеріне ректорымыз балаша қуанатын,  бізге алғысын аямайтын. Әрине , мұндай тілге деген құрмет оқытушыларға дем беретін, студенттердің құлшынысын арттыратын. Олар Наурыз мейрамында қонақтарға, университет ардагерлеріне киіз үйдің құрамы, дастарқандағы ұлттық тағамдар туралы қазақ тілінде айтып беретін. Сабақ аяқталған соң жазда  студенттер Семейдегі Абай, Мұхтар Әуезов мұражайы, Қарауылдағы Абай мен Шәкәрім кесенесіне, Еңлік пен Кебектің зиратына саяхатқа барып, көрген  - білгендерін  қазақ тілінде жазбаша баяндайтын, сынақ тапсыратын.

Облыстық  «Дидар» газетінің тілшісі Ержан Әбішев « Мақсатымыз - мемлекеттік тілді меңгеру» деген мақаласында : «Жуықта шаңырағымыздың құрметті қонағы болып кеткен сенатор, жазушы-  драматург Әбіш Кекілбай  экспериментпен танысып, бұл игі бастаманың болашағы, аймағымыз үшін маңызы зор дей келе, ректор  Ә. Әбжаппаровқа, студенттер мен оқытушыларға сәттілік тілеген еді» деп жазған болатын  өз мақаласында. Осындай кешенді жүргізген жұмыс оң нәтиже берді. Жүйелі ұйымдастырылған жұмыс нәтижесінде студенттер 3 курста «Қазақ әдебиеті» курсын мемлекеттік тілде тыңдау дәрежесіне жетті. Сондықтан олардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін  университетте болған сенатор ағаларымыз О. Сәпиев, Қ. Сұлтанов, профессорлар Ф.Ш. Оразбаева, З. Базарбаеваевалар да жоғары бағалады. Бұл ұстаздар қауымы үшін үлкен баға еді.  «Жалғыздың үні шықпас» дейді халқымыз. Әрине, бұл жетістіктердің басы-  қасында жүрген мен басқарып отырған кафедра оқытушылары: М.Ж. Хусаинова, А. А. Амангельды, С. Т: Садыкова, К.М. Жоконасова, М.К. Ибраева, Б.А. Қырықбаева. А.А. Айтказина, Ж.А. Сейфолдановалар болды.  

Басшымыз тек басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту мәселесі ғана емес , жалпы университет көлемінде мемлекеттік тілдің дамуына зор үлес қосты деп айта аламын. Ол кісі басшылыққа келген кезде университет кітапханасында қазақ тілінде жазылған кітаптардың саны мардымсыз болатын. Ректорымыз олардың санын бірнеше мың данаға жетті.

Ә. Әбжаппаровттың тұсында  мемлекеттік тіл мәселесі күн тәртібінен түсіп көрген жоқ, тіпті  университеттің Ғылыми кеңесіңде де бірнеше мәрте күн тәртібіне еңгізіліп, есеп бергенім бар. Әлі есімде, қазақ тілінде білім алатын студенттердің оқу үдерісі жайында мен жасаған  баяндама өте қызу талқыланып, ректор сұрақтар қойып, ұсыныстар жасаған болатын. Бір көзбен қарағанда Әбекең  сабырлы көрінгенімен, жұмысқа келгенде өте қатал,  талап қоя білетін, ақылды басшы болатын. Тағы бір халық даналығы ойыма келіп отырғаны: «Ақылды бастық болса, адаспайсың». Не деген керемет сөз!

Мені таңғалдыратын бір жәйт,  Ә. Әбжаппаров тілші емес, ол химия ғылымдарының докторы болса да, мемлекеттік тілді сондай құрметтейтін. Әлі есімде, бірде біздің университетте Республикалық айтыс өткен еді, әдебиетші болмасам да мені  әділқазылар алқасына  кіргізді. Сол айтысқа Әбекең басынан аяғына дейін қатысып, рахаттанып, акындардың сәтті шыққан ойларына балаша мәз болып, тіпті кей кезде қосылып отырған сияқты болды.  Бірде бір іс - шара, жиындар ректорсыз өтпейтін, әрине іс - сапарда болмаса.  Талай жиналыстарда болып жүрмін ғой, бастықтардың көпшілігі басына ғана қатысады, аяғына дейін отыратындары кемде- кем ғой деймін.

Ә. Әбжаппаровтың  университеттің дамуына қосқан үлесі зор, мен тек мемлекеттік тілді дамытуға байланысты жұмысы туралы баяндап отырмын, яғни, оның  тілге деген азаматтық көзқарасын ашуға тырыстым.  Бауыржан Момышұлының сөзімен айтар болсақ, «Әр адамның өз ана тіліне деген көзқарасына қарап, оның қандай адам екенін болжауға болады».  Осы сөздер Әбекең секілді  зиялы азаматтарға  қатысты  сияқты.

Ә. Әбжаппаровтың ректорлық қызметі қас қағымдай уақытта, тез өте шықты. Кім біледі, ол кісі бізде көбірек болғанда, қазақ тіліміз талай биіктерге көтерілер ме еді? Не болса да, ол  ректор болып тұрғанда адал қызмет атқарған, өз ісінің нағыз шеберлері шетте қалған жоқ, тиісті мақтау қағаздары мен үкімет  тарапынан марапаттаулар алып тұрды. Мен де құр алақан қалған жоқпын, еңбегім жерде қалған жоқ, елеп ескерілді. Алайда, мәселе онда емес,  мәселе Әбекенің халыққа, ана тіліне  деген үлкен жүрегінде, адами қасиетінде, кішіпейілдігінде сияқты.  «Ұлық болсаң, кішік бол»  деген нақыл сөз осы  кісіге дәл келетін секілді ме  деген ойдамын.

Әбекең  әлі күнге дейін ат үстінде: еліне елеулі, халқына қалаулы қазағымның азаматтарының бірі де бірегейі десем артық айтпаймын ғой деп ойлаймын. Ол бізден кейін бірнеше жыл  Ақтаудағы университетті,  Республикамыздың киелі де көрікті жерінде орналасқан «Көкше» Академиясын басқарды.

Мерейтойыңыз құтты болсын!  Жұмысыңызға сәттілік, деніңізге саулық  тілеймін, Әбеке!

                                   Амантай Жилкубаева – ф.ғ.д. ШҚМУ профессоры

Қазақ
× You found a Typo