Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ және Цзянсу педагогикалық университеттерінің проректорлары халықаралық ынтмақтастық мәселелерін талқылап, келісім-шартқа қол қойды

2016 жылдың 5 шілдесінде ШҚМУ Цзянсу педагогикалық университетінің (ҚХР) делегациясын күтті. Делегация құрамына бірінші проректор Жоу Жугуан, Хуахай Даму орталығының директоры Шен Женпин, шет тілдер, дене шынықтыру факультеттерінің декандары мен университет оқытушылары кірді.

Проректор Бауыржан Ердембеков екі университеттің жасты екеніне (1952 ж. – университеттің ашылған уақыты ) және ортақ профиліне көңіл бөлді. ШҚМУ тәрізді Цзянсу педагогикалық университеті көп профилді классикалық университет болғандықтан, гуманитарлық ғылым және жаратылыстану ғылымдары бағытында мамандарды дайындайды.

Цзянсу педагогикалық университеті Қытай елінің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының бірі болып, өз қабырғасында 16 758 студент, 2379 магистрант және PhD  докторлары тәлім алып жүр. Цзянсу педагогикалық университеті Цзянсу провинциясының тарихи және мәдени орталығы – Сучжоу қаласында ораналасқан. 

Цзянсу педагогикалық университеті проректоры Жоу Жугуан университеттің ШҚМУ студенттердің, оқутышылардың және қызметкерлердің академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында алмасу, шетелдік мамандарды шақыру, бірлескен ғылыми зерттеу жұмыстарын өткізу, қосдипломдық білім беру бағдарламасы аясында ынтымақтастықты нығайтуға дайын. Отырыс нәтижесінде екі жақты келісім – шартқа қол қойылды. Бұл келісім негізінде университеттер студенттер, оқытушылармен алмасуға, бірлескен ғылыми зерттеу бағдарламалыр жүргізуге, ғылыми жұмыстармен алмасуға, бірлескен отырыстар, конференциялар өткізуге және т.б. мүмкіншіліктерге жол ашылды.

Екі жақ сыйлықтармен алмасты. Цзянсудан келген қонақтар біздің университетке қытай тілін оқу және оқытуға, НSК дайындалуға арналған заманауи оқулықтар, сөздіктерді және анықтамаларды сыйға тартты.

Кездесу көңілді әрі сәтті өтіп, бүгінгі күннен бастап ұзақ мерзімді қарым-қатынастар орнатылғанына еш күмәніміз жоқ. 

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі 

Қазақ
× You found a Typo