Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ жұмыс ынтымақтастықты нығайтады

Іс-шара «Трансшекаралық су пайдалану тұрақтылығы мақсатындағы институционалдық серіктестік: Ресей және Қазақстан» «Erasmus+» халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты: ШҚО су ресурстарын трансшекаралық басқару саласындағы кәсіпорындар мен С.Аманжолов атындағы ШҚМУ арасындағы білім беру серіктестігін нығайту.

Дөңгелек үстел жұмысына ШҚМУ стратегиялық серіктестері қатысты: «ШҚО бойынша Казгидромет» РМК, «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Алтай бөлімшесі, «Өскемен Водоканал» МҚК, ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитетінің ШҚО бойынша экология департаменті.

Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор, «Erasmus+» жобасының үйлестірушісі А.Б.Мырзагалиева С.Аманжолов атындағы ШҚМУ қоршаған ортаны зерттеу облысында мамандар дайындайтын Шығыс Қазақстан жоғары оқу орындарының бірі екендігін атап өтті. Халықаралық жоба аясында консорциум мүшелерімен біріккен білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру жоспарлануда.

Жұмыс берушілер тарапынан сұранысқа ие білім беру бағдарламалары, біліктілікті арттыру курстарының тақырыптары ұсынылды, студенттердің іс-тәжірибесін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар жасалды. Сонымен қатар серіктестік қарым-қатынасты ұйымдастыру және нығайту, Ресей Федерациясы жоғары оқу орындарымен қосдипломдық білім беру және біріккен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру сауалдары талқыланды.    

Дөңгелек үстел соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Қазақ
× You found a Typo