Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да ғылыми-техникалық кеңестің отырысы өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да университеттің стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры И.В. Ровнякованың төрағалығымен ғылыми-техникалық кеңестің (ҒТК) кезекті онлайн отырысы өтті, оның барысында бес мәселе қаралды.

Интернационалдандыру стратегиясын іске асыру аясында 2020-2021 оқу жылының 1 семестріндегі университеттің халықаралық қызметі туралы халықаралық ынтымақтастық және шетелдік студенттерді тарту бөлімі бастығының міндетін атқарушы Д.Р. Сапарова хабардар етті.

Инновациялар және технологияларды коммерцияландыру бөлімі басшысының м.а. Е.Б. Домалатов студенттер мен жас ғалымдардың стартап және мемлекеттік бюджеттік жобаларға қатысуы туралы хабарлама жасады, сондай-ақ Scopus, Web Science, Open Researcher and Contributor ID (ORCID), Mendeley және Google Scholar деректер базасы бойынша белсенді жеке парақтарды ашу туралы 2020 жылғы 7 желтоқсандағы №49 өкімнің (3-тармақ) орындалуы туралы ақпаратты ұсынды.

Әртүрлі сұрақтар бөлімі бойынша 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған конференциялар туралы ақпарат талқыланды, аталған сұрақпен инновациялық даму және коммерцияландыру департаментінің директоры м.а. С.К. Қабдрахманова таныстырды, сондай-ақ «8D01701-Қазақ тілі мен әдебиеті» БББ докторанты М.К. Мұқашеваның «Абай жолы» эпопеясының Қ. Бітібаеваның жаңа технологиясы бойынша оқыту теориясы мен әдістемесі» тақырыбындағы докторлық диссертациясының орындалу барысы туралы есебі тыңдалды (ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарының докторы, профессор А.М. Қартаева).

Барлық сұрақтар бойынша шешімдер қабылданды.

Инновациялық даму және коммерцияландыру департаменті

Қазақ
× You found a Typo