Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың 2020-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын әзірлеу үшін шетелдік озық жоғары оқу орындарының тәжірибесі қолданылды

ЖОО-да «С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың 2020-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы» әзірленген, оның талдау бөлігі әлемдік сын-тегеуріндерге назар аударуға және университетті трансформациялау бағыттарын болжауға мүмкіндік беретін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) баяндамаларын талдау негізінде құрылған.

Жаңа даму бағдарламасын әзірлеуде Сингапур ұлттық университеті, Цинхуа университеті (Қытай), Вильнюс университеті (Литва), Қазан федералдық университеті, Алтай мемлекеттік университеті (Ресей) сынды үздік ЖОО-лардың озық тәжірибелері пайдаланылды.

– Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, көпбейінді зерттеу жоғары оқу орындарын құру білім, ғылым және өндірісті интеграциялау жүйесі арқылы бәсекеге қабілетті кәсіби кадрларды тезірек даярлауға мүмкіндік береді. Мәселен, жоғары оқу орындарының тәжірибесі инжинирингтің негізгі үрдістеріне мультидисциплинарлық, көп масштабты және көп сатылы әзірлемелер, жобалар, пәнаралық және мультитрансдисциплинарлық технологиялар негізіндегі стартаптар, бірінші кезекте компьютерлік инжинирингтің ғылымды қажетсінетін технологиялары жататынын көрсетеді. Мұның бәрі өндіріс, ғылым және білімнің ең тығыз өзара әрекеттесуімен ғана мүмкін болады. Осы үрдістерді ескере отырып, университеттің даму парадигмасы да өзгерді – 2.0 университеттер моделінен моделіне 3.0 моделіне көшу. 2025 жылы ЖОО мен Индустрия 4.0 моделіне көшу жүзеге асырылуы тиіс, – деп хабарлады СД және ҒЖ жөніндегі проректор И.В. Ровнякова.

Коммерциялық емес акционерлік қоғамның қайта құрылуына байланысты университеттің ұйымдық құрылымының архитектурасы өзгертілді. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің басқару құрылымына Директорлар кеңесі, корпоративтік хатшы қызметі, әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жөніндегі уәкіл, экономикалық мәселелер және цифрландыру жөніндегі проректор лауазымы енгізілді, инновациялық даму және коммерцияландыру департаменті құрылды, оның құрамына инновациялар және технологияларды коммерцияландыру бөлімі, ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру бөлімі енді.

Естеріңізге сала кетейік, «С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасы» аясындағы  ЖОО-ның Стратегиялық іс-қимыл жоспарында негізгі көрсеткіштер тобы айқындалды, ол – «Ел экономикасының индустриялық-инновациялық даму қажеттіліктерін және ғылым, білім және бизнесті интеграциялау негізінде сыртқы нарықтың сұраныстарын қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау үшін жағдай жасау». Көптеген көрсеткіштер белгіленген шамаға жақындады. 

ЖОО-ның соңғы екі жылдағы қызметінің Swot-талдауы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің тұрақты және серпінді дамып келе жатқанын көрсетті. Мәселен, «ARES» халықаралық рейтингінде ШҚУ отандық университеттер арасында 5 орын, ұлттық рейтингте 6 орын алады, студенттер контингенті 2018 жылғы 4444 адамнан 2020 жылы 8 мың адамға дейін, яғни 2 есеге ұлғайды. Ел Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес (2018 жылмен салыстырғанда) 2020 жылы оқытушылар мен қызметкерлердің лауазымдық жалақысы 80%-ға артты, орташа жалақы 260 мың теңгені құрайды, ғылымды қаржыландыру сомасы 10 есеге артты (1 млрд. 150 млн. теңгеден астам). Өңірдің қажеттілігін ескере отырып, 40-тан астам жаңа білім беру бағдарламасы әзірленіп, іске асырылды, химия және физика бойынша Диссертациялық кеңес құрылды. Университетте Қабанбай батыр атындағы әскери кафедра, «Абайтану» ғылыми-зерттеу институты, А.Н. Трунов атындағы фитнес-орталық, «Parasat» студенттерге қызмет көрсету орталығы, Польшадағы «Абай» білім беру-мәдени орталығы және т.б. ашылды. Түлектерді жұмысқа орналастыру 98%-ды құрайды, оқу дәрісханалары материалдық-техникалық жағынан 30%-ға жаңартылды.

«С. Аманжолов атындағы ШҚУ» КЕАҚ-ның 2020-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы Ел Үкіметінің, Білім және ғылым министрлігінің заңнамалық және нормативтік актілері негізінде және университеттің соңғы бес жылдағы қызметіне терең талдау жүргізу арқылы әзірленді. ЖОО Стратегиясы қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлеріне жауап түріндегі стратегиялық бастамалар кешені ретінде қалыптасқан.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo