Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Ғылыми кітапханасы: «Абайтанудың» 2 томы

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Ғылыми кітапханасы студенттер мен оқытушыларды «Қазақ университеті» 2015 жылдан бастап 2020 жылға дейін басып шығарған абайтану бойынша таңдаулы зерттеулерді қамтитын «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көптомдық басылымымен таныстыруды жалғастырады.

Бүгін сіздердің назарларыңызға «Абайтанудың» 2 томын ұсынамыз.

«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» басылымының екінші томы мына ғылыми еңбектерді қамтиды: Мұхтар Әуезов «Абайдың өмірі» (1950), Қалижан Бекқожин «Қазақ халқының ұлы ақыны» (1940), Мұратбек Бөжеев «Евгений Онегин Абай аудармасында» (1981), Сәбит Мұқанов «Қазақ халқының ұлы кемеңгері» (1945), Ғабит Мүсірепов «Қазақ әдебиетінің өркендеу жолындағы Абайдың тарихи орны» (1954), Мұхтар Әуезов, Бейсенбай Кенжебаев «Абай – қазақтың ұлы ақыны» (1945), Қажым Жұмалиев «Абай шығармаларындағы шындық және әлеуметтік теңдік мәселелері» (1960), Мұхамеджан Қаратаев «Абайды армандасақ» (1986), Темірғали Нұртазин «Абайдың ақындық шеберлігі туралы» (1954), Әбділдә Тәжібаев «Абайдың лирикасы» (1945), Қалижан Бекхожин «Абай және Дала уәлаяты» (1950), Ілияс Омаров «Ата сөзі» (1958), Әлібек Қоңыратбаев «Абай Құнанбаев» (1936).

Кітаптардың электронды нұсқаларымен ШҚУ Ғылыми кітапханасының сайтындағы (https://library.vkgu.kz/) «РУХАНИЯТ» электронды кітапханасы» деректер базасында танысуға болады

Л. Ершова, бас кітапханашы,

Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo