Әр кітапхананың мақтанышы – сирек кездесетін және көне кітаптар. ШҚУ Ғылыми кітапханасының сирек кітаптар қорында XVIII-XIX ғасырлардағы бірегей басылымдар бар.
Ғылыми кітапхана қызметінің басым бағыты – ретрокаталогизация.
Сирек кітаптар қорының электронды базасына 1945 жылға дейінгі ең құнды және сирек кездесетін басылымдар жазылып, сканерден өткізілуде. Бұл жұмыс университеттің студенттері, магистранттары мен оқытушылары өз ғылыми жұмыстарында мазмұны жағынан бірегей кітап қорын пайдалана алуы үшін, сирек кітаптар қорын танымал ету мақсатында жүргізіледі.
Университет кітапханасының алдында тұрған негізгі міндет – сирек кітаптар мен жаңа ақпараттық технологиялардың өзара әрекеттестеру.
Кітаптардың электронды нұсқаларымен ШҚУ Ғылыми кітапханасы сайтының (https://library.vkgu.kz/) «Сирек қор» деректер базасынан танысуға болады.
Баспасөз қызметі