Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

С.Аманжолов атындағы ШҚУ мен Баишев университеті (Ақтөбе қ.) ынтымақтастық туралы шарт жасасты

С.Аманжолов атындағы ШҚУ мен Баишев университеті (Ақтөбе қ.) 5 жыл мерзімге ынтымақтастық туралы келісімшарт жасасты.

Шарттың мәні – білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру жүйелерінің тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдесу, жоғары білімі бар жоғары білікті мамандарды және жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау, қызметкерлердің біліктілігін үздіксіз арттыру, кәсіптік білім мен ғылымның интеграциясы.

Бірлескен қызметтің негізгі бағыттарының ішінде ғылыми әдебиеттер мен құралдарды, бірлескен ғылыми монографияларды, ғылыми-әдістемелік басылымдарды, жарияланымдарды әзірлеу және алмасу, ғылыми жұмыстар мен әдістемелік материалдарды рецензиялау, мамандармен, студенттермен, магистранттармен, докторанттармен академиялық алмасу бар. 

Бұдан басқа, бірлескен жобаларды, білім беру және ғылыми бағдарламаларды іске асыру, ғылыми зерттеулер жүргізу және ынтымақтастықтың басқа да түрлері болжанып отыр.

Шарт 5 жыл мерзімге жасалып отыр.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo