С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың ресми сайтында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары мен педагогтарына қашықтан оқыту жағдайында көмек көрсетуге арналған «Аманжолов онлайн-мектебі» бөлімі жасалды.
"Аманжолов онлайн-мектебінде" "Кітапхана ресурстары және оқу-әдістемелік материалдар", "Бейнесабақтар", "BIRGEOQU", "TEDX-конференция","Мектептерге көмек", "STEM-оқыту"," Педагогқа көмек","Психологиялық қызмет" айдарлары құрылған.
"Аманжол онлайн-мектебі" аясында педагогикалық бағыт бойынша бейіндік мектеп (педагогикалық сыныптар) өз жұмысын бастайды. Жобаға Өскемен және ШҚО мектептерінің 1-11 сынып оқушылары қатысады.
"Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті" КЕАҚ сайтында "Аманжолов онлайн-мектебі" мекенжайы: https://www.vkgu.kz/kk/page/bibliotechnye-resursy-i-uchebno-metodicheskie-materialy.html?theme=vkgu
Баспасөз қызметі