Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

С.Аманжолов делегациясы И.И.Ползунов ат. АлтМТУ 75 жылдық мерейтойына қатысты

Алтайдың ең «жасты» университеттерінің бірі - И.И.Ползунов ат. Алтай мемлекеттік техникалық университеті (Барнаул, РФ) 75 жылдығын атап өтті. Шетел қонақтарының құрамына біздің университет делегациясы да кірді (Саденова М.А. - ҒжжХЫД директоры, Мухамедиева А.Г. - ЭжҚФ Деканы, Егоренкова Е.Н. - Қазақстан тарихы кафедрасы меңгерушісі м.а., Тлеухан А.Қ. - ХЫБ маманы).

Мерейтой іс-шарасы 2 к.ннен тұрды. Алғашқы күні, 1 наурызда АлтМТУ ректоры м.а.  А.А.Максименко шетел делегацияларымен кездесті. Кездесуден кейін Барнаул қаласының тарихи бөлігі бойынша арнайы эксурсия ұйымдастырылды. Мерейтойдың алғашқы күннің қорытынды шарасы В.М.Шукшин ат. Алтай өлкелік драма театорында салтанатты жиналыспен аяқталды. Театр сахнасында ШҚМУ ректоры Ә.У. Қуандықовтың құттықтау хаты оқылды.

Екінші күн, 2 науырз, «Ползуновские чтения» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясымен басталды. Ары қарай Қазақ тілі және мәдениеті орталығында халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор А.Н.Дунцпен, қазақ тілі және мәдениеті орталығы директоры Ж.Б.Сулейменовамен, ЮНЕСКО халықаралық кафедра меңгерушісі М.Ю.Шишинмен және «Национально-культурная автономия казахов» қоғамдық бірлестігі басшысы М.С.Бекмуратовпен кездесу өтті.

Кездесу барысында бірлескен білім беру бағдарламалар аясында ынтымақтастық, ғылыми жұмыстар мен зерттеулердің коммерциялау мәселелері, үлкен Алтайдың экологиялық мәселелері, бірлескен жазғы тіл мектептерін ұйымдастыру сұрақтары талқыланды. Кездесуден кейін АлтМТУ зерттеу лабораториялары бойымен экскурсия ұйымдастырылды.

Мерейтой студенттік «Ползуновским баллмен» аяқталды.

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі   

Қазақ
× You found a Typo