Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«С.Аманжолов және қазақ жазуының бүгіні мен болашағы» атты республикалық ғылыми-практикалық веб-семинар өтті

22 қазанда С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіндегі «Рухани жаңғыру» орталығында «С.Аманжолов және қазақ жазуының бүгіні мен болашағы» атты Астана қаласындағы Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының тілші мамандарымен бірлескен республикалық ғылыми-практикалық веб-семинар өтті.

Веб-семинардың негізгі мақсаты С.Аманжоловтың туғанына 115 жыл толуына орай Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының тілші мамандарымен кездесу барысында қазақ жазуын латын графикасына көшірудің теориялық-практикалық мәселелерімен танысып, ой бөлісу болды.  Веб-семинарда ШҚМУ ректоры, професссор М.Ә.Төлеген С.Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына біраз шолу жасап, латын графикасына көшудің еліміз үшін маңыздылығы  жайлы айтып өтіп, веб-семинар жұмысына сәттілік тіледі.

Веб-семинарда негізгі талқыланған мәселе барысында жоғары оқу орны студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы арнайы мамандармен пікір алысу мүмкіндігіне ие болды. Веб-семинарда  Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Орфография бөлімінің басшысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Күдеринова Құралай Бимолдақызы, Орфография бөлімінің мамандары, филология ғылымдарының кандидаттары Фазылжанова Анар Мұратқызы, Мамырбекова Гүлфар Мәжитқызы, Сейітбекова Айнұр Аташбекқызы баяндама жасады.

Баяндамада Күдеринова Құралай Бимолдақызы соңғы жазылған 9 баптан тұратын қазақ тілінің негізгі емле ережелерінің жобасымен таныстырды. Сол ережелерге қатысты С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың тілші мамандары тарапынан айтылған ұсыныстардың бірқатары жаңа емле  құрамына енгізілгенін атап өтіп, ризашылығын білдірді.

Фазылжанова Анар Мұратқызы  латын графикасының 2020 жылдан бастап мектепалды даярлық сыныптарында, 2021 жылдан бастап 1-ші сыныптарда оқытылатындығын айтты. Латын графикасының алдағы енгізілу жоспарымен, емле ережелерінің негізгі қағидаларымен таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бұдан кейін бірнеше баяндамашылар сөз алып, өте құнды деректермен ақпараттандырды.

Веб-семинардан студенттер мен оқытушылар көптеген мәліметтерден хабардар болып, ғылыми-теориялық, практикалық білім алды. Семинардың мазмұны терең,  құндылығы өте жоғары  болды.

Қазақ, орыс филологиясы және журнаистика кафедрасы,

Қазақ жазуы және латын графикасы орталығы

Қазақ
× You found a Typo