Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«С.Аманжолов және қазақ жазуының тарихы» атты дөңгелек үстел

12 қазан  күні С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің  №1 ғимаратында «С.Аманжолов оқулары-2017» халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында     «С.Аманжолов және қазақ жазуының тарихы» атты дөңгелек үстел өтті.

Ұйымдастырушы: Қазақ, орыс филологиясы және  журналистика кафедрасы. Модератор: Еңсебаева Күләш Кенжебекқызы, филол.ғ.к., доцент.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: Қазақтың белгілі түркітанушы ғалымы, профессор Сәрсен Аманжоловтың еңбектерін көпшілікке тарату, насихаттау және шығармашылығы жайында тың ғылыми зерттеулерді саралау;

Дөңгелек үстелдің міндеттері:  С.Аманжоловтың ғылыми мұрасын зерттеу және насихаттауды дамыту үшін тәжірибе алмасу және жас мамандарды ғылыми шығармашылыққа тарту; Ғалым еңбектерін зерттеу жұмысының жаңа және тиімді механизмдерін іздеуді ұйымдастыру;  Іс-шара барысында ф.ғ.к., доцент К.К.Еңсебаеваның жетекшілігімен 1курс магистранттары дайындаған «С.Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына арналған презентация» көрсетілді. Конференция қонақтары  Әл-Фараби ат. ҚазҰУ жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Мадиева Гүлмира Баянжановна - «Лингвистическая школа Аманжоловых- преемственность поколений» атты тақырыпта баяндама жасады. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің профессоры, ф.,ғ.,д. Молгаждаров Қасиет Какенұлы «Рухани жаңғырудағы латын әліпбиі мәселесі» тақырыбында сөз қозғады. Кафедраның  доценті, ф.ғ.к., модератор  Еңсебаева Күләш Кенжебекқызы «С.Аманжолов және синтаксис мәселелері» жайында келелі мәселе көтерді.

Доцент ф.ғ.к Бияров Бердібек Нұралдаұлы «С.Аманжолов –кирилл жазуын түзуші» тақырыбына қатысты тыңдарманға ой салды. Доцент ф.ғ.к.,  Сейпутанова Айымгүл Қамзақызы  «С.Аманжоловтың ағартушылық-педагогтық мұрасы» жайында мол мағлұмат берді. Аға оқытушы Қайырбаева Жазира Қуатбекқызы «С.Аманжолов және  қазақ диалектологиясы мен морфологиясының теориялық мәселелері» деген тақырып аясын кеңейтті. Аға оқытушы Барбосынова Қарлығаш Түркістанқызы «С.Аманжолов және қазақ фольклористикасы» атты тақырыпта мол мәлімет берді. Профессор ф.ғ.к., Оразалин Сламбек Калибекұлы «Азамат,ғалым, қайраткер»  атты тақырып барысында ғалым С.Аманжоловтың түрлі қырын аша түсті.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1курс магистранты Ертарғынова Арай

Қазақ
× You found a Typo