Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

С.Аманжолова атындағы ШҚУ CITech-2020 конференциясын ұйымдастыруға қатысты

9-10 қазанда Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Ғылым, техника және білім берудегі есептеу және ақпараттық технологиялар» (CITech-2020) халықаралық конференциясы онлайн режимде өтті, оған еліміз бен шетелдің есептеу ғылымдары және ақпараттық технологиялар саласындағы ғалымдары қатысты.

Өз тарихы мен бай дәстүрлері бар бұл конференция 2002 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. 2003 және 2013 жылдары конференция С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің қабырғасында ф.-м.ғ.д., Ұлттық инженерлік академиясының вице-президенті  Н.М. Темірбековтің басшылығымен өтті.

Конференцияның мақсаты тәжірибе алмасу, ғылымның, техника мен білімнің түрлі салаларында есептеу және ақпараттық технологияларды қолдану саласындағы жетекші мамандардың мәселелерін талқылау, сондай-ақ халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейту болды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясымен қатар, конференцияның ұйымдастыру комитетіне С. Аманжолова атындағы Шығыс Қазақстан университетінің оқытушылары – инженерлік академияның корреспондент-мүшесі, жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің деканы М.Н. Мадияров, математика кафедрасының меңгерушісі Е.К. Ерғалиев, инженерлік академияның корреспондент-мүшесі, математика кафедрасының доценті Д.Р. Байгереев, математика кафедрасының аға оқытушысы Н.Б. Әлімбекова енді.

Конференцияға қатысушыларға Сенат депутаты, Ұлттық инженерлік академиясының президенті, Түркі әлемі математикалық қоғамының (TWMS) және Қазақстандық математика қоғамының президенті, академик Бақытжан Жұмағұлов кіріспе сөз сөйледі.

Пленарлық отырысқа, сондай-ақ қазіргі білім берудегі Әл-Фараби мұрасы бойынша жетекші ғалымдардың баяндамалары шығарылды.

Пленарлық отырыстан кейін бес секциялық отырыс өтті, оған математика кафедрасының, компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының, химия кафедрасының, экология және геология кафедрасының оқытушылары белсенді қатысты.

Сонымен қатар, 3-ші оқу жылының Ph.D. докторанттары Н.Б. Алимбекова мен Д. А. Омариева жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру бағдарламасы бойынша «Сызықты емес көп фазалы фильтрация есептерін шешудің параллельді ақырлы элементті әдістерін құру және зерттеу» ғылыми-зерттеу жұмысы аясында орындалған ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсынды.

Барлық секциялық баяндамалар үлкен қызығушылық тудырды және қызу талқыланды. Конференция жұмысының нәтижесінде физика-химиялық және механикалық процестерді математикалық модельдеу мәселелері қаралды, бірқатар есептер осы модельдерді ақырлы-элементтік, ақырлы-айырымдық және ақырлы-көлемдік әдістер негізінде сандық іске асыру әдістерін зерттеуге арналған. Ақпараттық қауіпсіздік, бейнелерді тану, терең оқыту, нақты егіншілік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді, сондай-ақ математикалық модельдеу негізінде COVID-19 пандемиясының білім беру үрдісіне әсерін зерттеу нәтижелері талқыланды.

Конференция материалдары «ҚР ҰИА хабаршысы» (ҚР БҒССҚ тізбесіне кіреді) және «Есептеу технологиялары» (РФ ЖАК тізбесіне кіреді) журналдарының бірлескен шығарылымында жарияланды.

Қатысушылар CITech-2020 халықаралық конференциясының резолюциясын қабылдады.

С. Аманжолов ШҚУ жанындағы ҚР ҰИА Шығыс Қазақстан филиалы 

Қазақ
× You found a Typo