Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Самғау: әлеуметтік жетістік мектебі»: Алла Козляткина

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Алтайтану» ҒЗО іске асыратын «Самғау: әлеуметтік жетістік мектебі» жобасы және «ЗУБР» ӘКҚ – «ЖОО студенттерімен жүйелі жұмыс, жұмысқа орналастыру және түлектерді еңбек нарығына бейімдеу жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» серіктестер жобасы шеңберінде кезекті кездесу өткізді.

Бұл жолы онлайн-сессияның қонағы – филолог және білімі бойынша заңгер, «ЗУБР» ӘКҚ Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Алла Альбертовна Козляткина, ол 2007 жылдан 2015 жылға дейін «БИПЭК-АВТО» ЖШС-нің персонал жөніндегі директоры, біздің облыстағы жетекші бизнес-жаттықтырушылардың бірі болды.

Әңгіме өте қызықты өтті және жаңа жағдайларда кәсіби мансапты дамыту, жұмыс берушілердің жоғары оқу орындарының түлектеріне қойылатын талаптары, заманауи гуманитарлық білімнің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігі, мектептердегі кәсіптік бағдар беру проблемалары туралы болды.

Біздің қонағымыз өзінің кәсіби мансабының кезеңдері, оларды жеңудегі қиындықтар мен табандылық туралы айтты. Жас маманға қалай жұмыс табуға болатыны, түлектердің грант негізінде кәсіби білім алуын қамтамасыз еткен мемлекет алдындағы кәсіби жауапкершілігі туралы көптеген сұрақтар қойылды.

Біз Алла Альбертовна Козляткинамен одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз, біздің студенттер мен қызметкерлер үшін қызықты және табысты мамандарды шақыруды жалғастырамыз.

«Алтайтану» ҒЗО

Қазақ
× You found a Typo