Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Саналы ұрпақ тәрбиелеуде Абай мұрасының тигізер пайдасы зор

«Абайтану» ғылыми-зерттеу институтын ашу жұмыстарына С. Аманжолов атындағы ШҚУ ұжымы үлкен дайындықпен келді.

Көп жылдар бойы ғалымдар Абай мұрасын зерттеп, жас ұрпаққа таныту, насихаттау мақсатында ғылыми-танымдық, әдістемелік еңбектер жазып, облыс, республика, халықаралық деңгейде үлкен іс-шаралар өткізіп келеді. Облыс, республика көлемінде мектеп ұстаздары мен оқушыларына, студенттер мен жас ғалымдарға, кітапхана, өнер саласындағы мәдени қызметкерлер мен мемлекет қызметкерлеріне абайтанудан ғылыми-әдістемелік кеңестер беріп, бүгінде Шығыс өңіріндегі ғылыми-рухани орталыққа айналып отыр.

«Абайтану»  ғылыми-зерттеу  институтының мақсаты – Абай Құнанбайұлының шығармашылық ғұмырнамасымен қатар Абай ілімінің негізін, философиясының қайнар бұлағын және абайтану ғылымының өзекті мәселелерін жан-жақты танытып, ақынның әдеби мұрасын, шығармашылық ілімін кең көлемде насихаттау. Адамзат қоғамын Абай ілімімен, болашақ ұрпақтың жадына Абай шығармашылығын сіңірумен жастардың дүниетанымы мен жан дүниесіне әсер етіп, ұлтжандылық пен адамгершілікке баулу және ғұлама ойларын жанына тоқыған толыққанды, адамзатты сүйетін, ізгілікті, толерантты азаматтарды қалыптастыру.

Абай мұрасын жан-жақты насихаттау мен танымалдандыру мақсатында Шығыс Қазақстан университеті көптеген маңызды іс-шараларды атқарып жатыр. Атап айтсақ, 2019 жылдың 7-9 ақпанында облыс әкімдігінің қолдауымен университет Польшаның Свече қаласындағы лингвистикалық-техникалық университеті базасында «Абай»  мәдени-білім беру орталығын ашты. С. Аманжолов атындағы ШҚУ  ректоры, профессор М.Ә. Төлегеннің бастамасымен 2018 жылы 18 мамырда университетте «Абай» дәрісханасы ашылды. 2019 жылдың 10 тамызы күні ШҚУ ұжымы Жидебайда «Абай еліне тағзым» атты халықаралық конференция өткізді. 2018 оқу жылынан бастап үздік студенттерге арналған «Абай» атындағы шәкіртақы тағайындалды. Білім мен ғылымға еңбегі сіңген қайраткерлерге арналған «Абай» атындағы алтын медаль шығарылып, тұлғалы азаматтарға табысталу дәстүрі енгізілді.

Облыстың мектеп оқушыларына арналған жыл сайын дәстүрлі «Абай оқулары» байқауы ұйымдастырылып келеді. Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай 27 сәуірде «Абай шығармаларындағы жалпыадамзаттық құндылықтар» атты республикалық вебинар, 21 мамырда «Абай және әлемдік өркениет» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция, 10 тамызда «Абайдың «Толық адам» ілімі» атты халықаралық семинар өткізілді. 1-14 маусым аралығында облыстағы орта мектеп пен колледж мұғалімдеріне арналған «Абайтану пәнін оқыту» атты курс ұйымдастырылды.

Жыл басынан облыстың барлық мектептеріндегі 5-8 сыныптарға «Абайтану» курсы енгізілген болатын. Университет ғалымдары облыстық білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығымен бірлесе отырып, аймақтық «Абайтану» оқу бағдарламасын және «Абайтану» курсы бойынша «Мұғалім кітабын» құрастырып жазды. Бүгінде облыс мектептері бұл бағдарламаларды пайдаланып отыр. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығарып жатқан көптомдық «Абайтану» еңбектерінің 41 томына профессор А. Картаеваның «Абай мен М. Әуезов әлеміндегі рухани сабақтастық» атты монографиясы, сондай-ақ ШҚУ-дың «Берел» баспасынан «Абайдың Толық адам ілімін оқыту» атты оқу құралы жарық көрді.

«Абайтану»  ғылыми-зерттеу  институты, сонымен қатар, ғылыми монографиялар, ғылыми еңбектер мен жинақтар, оқу-әдістемелік және жаңа технологиялық жетістіктерге негізделген танымдық құралдар даярлауда.

Айжан Картаева,

 «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры

 

 

Қазақ
× You found a Typo