- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысымен кездесу өтті.
Шараға оқытушылар, заңгер мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер қатысты. Жуырда құрылған «Саналы ұрпақ» жобасы жайлы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппаратының басшысы Саян Ахметжанов пен «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық офисінің жетекшісі Қайыржан Токушев айтып өтті.
– Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда әр қоғам мүшесі сақтық танытып, оған жастайынан мән беруі тиіс, – деді Саян Қылышұлы.
Қайыржан Ахметбекұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасалып жатқан шаралар жайлы ой бөлісті. Оның айтуынша, қай мемлекет болмасын алға жылжуда ішінара тұрақтылыққа жіті мән беруі қажет. Осындай белсенді шаралар жүргізу нәтижесінде жемқорлық деңгейі 10-15%-ға азая түскен екен.
Кездесу аясында қонақтар біршама құнды мағлұмат беріп үлгерді. Сөз соңында меймандар қазіргі жастарды жемқорлықтан ада болуға шақырды.
Дана Сайлаубекова,
журналистика мамандығының 3 курс студенті