С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «SANALY URPAQ» клубының мүшелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті және «Тұрақты және әлеуметтік даму қоры» ҚҚ ұйымдастырған «Біздің таңдауымыз – құқықтық мемлекет» онлайн конференциясына қатысты.
20 қарашада өткен онлайн конференция Шығыс Қазақстан облысының 7 жоғары оқу орнынан, 100-ден астам колледждері мен мектептерінен «ADAL URPAQ» және «SANALY URPAQ» клубтарының белсенді мүшелерін жинады.
Конференция жұмысына «SANALY URPAQ» республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық кеңсесінің басшысы К.А. Тоқышев және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Р.Б. Нәбиев қатысты.
К.А.Тоқышев өз сөзінде студенттік ортада парасатты мінез-құлықты қалыптастыру бойынша ШҚУ жұмысының жоғары деңгейін атап өтті. Атап айтқанда, ол С. Аманжолов атындағы ШҚУ «SANALY URPAQ» клубы мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалары республикалық «Мен жастарға сенемін» байқауында үздік деп танылғанын атап өтті.
Конференцияда «SANALY URPAQ» клубының мүшелері Шынар Бауыржанова, Шыңғыс Абжатов, Умида Косимова баяндама жасады. Студенттер құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттердің өзара шарттылығы, академиялық адалдық қағидатын сақтау мәселелері бойынша өз пікірлерімен бөлісті, сондай-ақ университетте жүзеге асырылып жатқан «Таза қол» жобасы туралы айтып берді.
Біздің студенттердің баяндамалары мазмұнды болып шықты және конференцияға қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Сондай-ақ, университетіміздің өкілдері Шынар Бауыржанова («Заңтану» мамандығының 1 курс магистранты) және Қайнар Жексембаев («Заңтану» мамандығының 4 курс студенті) белсенді жұмыстары үшін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы Е.Н. Жалмағамбеттің грамоталармен марапатталды.
Баспасөз қызметі