- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Кітапхана қызметкерлері студенттер оқу залында (№1 оқу ғимараты, №303 ауд.) оқырмандар назарына «Оқымысты адам» тақырыбында инсталляция ұсынды.
Студенттердің қызығушылығын арттыру мақсатында, инсталляцияға атау табу үшін байқау ұйымдастырылды.
Бұл сайысқа студенттер белсенді қатысып, төрешілер шешімімен ең жақсы деп «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2 курс студенті Еркінбек Айнұр ұсынған «Күш- білімде, білім-кітапта» деген атау таңдалды. Жеңімпазға сыйлық беріліп, марапатталды.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
С.Хасенова, ғылыми кітапхана