Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде тағылымдамадан өтті

Маусым айының 5-інен 14-іне дейінгі аралықта «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-оқу жылы магистранттары Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінен тағылымдамадан өтті.

Ғылыми тағылымдама барысында магистранттар Семей қаласының  Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі», «Қазақ әдебиеті» кафедраларымен танысты. Философия докторы, доцент Жундибаева Арай Канапияновнаның жетекшілік етуімен магистранттар аталған университет кітапханасының ғылыми әдебиеттер залында  диссертация тақырыбына байланысты мәліметтерді жинақтап, ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасында ғылыми әдебиеттер, сирек кездесетін басылымдармен, архивпен жұмыс жасады. Сондай-ақ, Семей қаласының Орталық кітапханасы, Орталық кітапхана бөлімшелерінде диссертация тақырыбына байланысты мәліметтер жинақтады.

Магистаранттар Семей қаласының  Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде философия докторы, доцент А. Жундибаеваның «Әдебиет теориясы», «Қазақ әдебиетін ЖОО оқыту әдістемесі», «Әдеби ағымдар мен бағыттар», «Әдебиет теориясының өзекті мәселелері» пәндерінен дәрістерге және «Жаңа буын оқулықтары бойынша қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту ерекшеліктері» дәрісіне қатысып, филология ғылымдарының докторы, профессор А. Еспенбетовтың «Абайтану», «Сұтанмахмұттану», «Шәкәрімтану» жалпы саны 72 сағатқа созылған дәрістер курсын тыңдады.

Семей қаласының  Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінен ғылыми тағылымдамадан өту барысында магистранттар М. Әуезовтың мерейтойына орай қыркүйекте өтетін Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына, «Шәкәрім» ғылыми журналына диссертация тақырыбына байланысты ғылыми мақалалар әзірлеп, жинаққа ұсынды.

Ғылыми тағылымдама қорытындасы бойынша магистранттар диссертациялық жұмыс тақырыбына байланысты әдебиеттер мен ресурстар тізімін жинақтады.

«Қазақ тілі мен әдебиеті»

кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo