- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Қыркүйек айының 21-і мен 23-і аралығында Курчатов қаласында ҚР Ұлттық ядролық орталығының базасында Семей тәжірибе полигонының жабылуының 25-жылдығына арналған «Семей тәжірибе алаңы: радияциялық жалғастық және даму жолдары» тақырыбында VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
ҚР Энергетика Министрлігінің ұйымдастыруымен өткен шараға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың стратегиялық даму және ғылыми жұмыс бойынша проректоры, филология ғылымдарының докторы Б.А. Ердембеков, ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс департаментінің директоры М.А. Саденова, Ұжымдық қолданыстағы Ұлттық ғылыми зертхананың меңгерушісі М.Е. Альменев және 30-дан астам шетелдердің өкілдері қатысты.
Жоғары дәрежеде ұйымдастырылған конференция қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға Семей тәжірибе полигонының жабылуының 25-жылдығына арналған естелік кітаптар табысталды.
Н. Садвакасова, «Физика» мамандығының 2 курс магистранты