Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Семинар қосарлы білім берудің болашағын көрсетіп берді

14 наурыз экология және география кафедрасында оқытушылардың, әлеуметтік серіктестердің және студенттердің қатысуымен «Қосарлы білім беру ЖОО мен кәсіпорындардың әлеуметтік серіктестік жүйесін жаңғырту факторы ретінде» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінен, ОЗ «Экобиоорталықтан», «Normal Work» ЖШС-нен өкілдер қатысты. Семинарда қосарлы білім берудің элементтерін енгізудің университеттегі тәжірибе, сонымен бірге мәселелер баяндалды.  «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығында қосарлы білім беру жүйесін жүзеге асыруда кәсіпорындардың оқу орталықтарының мүмкіндіктері мен болашағы қарастырылды. Осы бағытта жұмыс істеп жатқан ОЗ «Экобиоорталықтың» іс-тәжірибесі ерекше аталып өтілді.

Семинарға қатысушылар таяу арада өзінің шешімін қажет ететін бірнеше мәселелерді көтерді. Сондай мәселелерге серіктес кәсіпорындармен екі жақты келісімдерге отыру, кәсіби іс-тәжірибе мен оқу пәндерінің жүмыс бағдарламаларын бекітуді жатқызуға болады. 

Семинар-кеңеске қатысушылар «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығында  қосарлы білім беруді жүзеге асырудың тиімді жағдайларын құру бойынша ұсыныстар кешенін тұжырымдады.

Экология және география кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo