- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
27 қазанда университетте үш тілді білім беруді жүзеге асыру мақсатында тұрақты өткізілетін семинардың «Teaching Resources and Methods in Content and Language Integrated Learning» тақырыбы бойынша кезекті отырысы өтті.
Семинар пәндік –ықпалдандыра оқытудың өзекті мәселелеріне арналды. Семинар жұмысына кафедралардың тілдік емес пәндерді ағылшынша оқытатын оқытушылары қатысты.
Семинар жетекшісі п.ғ.к., шет тілдері мен аударма ісі кафедрасының оқытушысы Ирина Юрьевна Ларионова өзінің 2017 ж. жазында Индонезияда өткен біліктілікті арттыру курсында алған білім-тәжірибелерімен бөлісті.Тренер қатысушыларды пәндік-ықпалдандыра оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерімен таныстырып өтті.
Сосын семинарға қатысушылар алған білімдерін өз пәндерін ағылшын тілінде оқытуда тиімді қолдана алу үшін үлкен құлшыныспен практикалық тапсырмалар орындады.
«Тіл білімі» көптілді білім беру орталығы