- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де «Зорлық пен қатыгездікке жақын балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс» облыстық семинар-тренингі өтті.
Семинарға ШҚО бойынша «Өрлеу» филиалының қызметкерлері, ШҚО Білім басқармасының «Шығыс» аймақтық орталығының әдіскерлері, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушылары мен магистранттары, облыстың жалпы білім беру мектептерінің әлеуметтік педагогтары қатысты.
Сонымен қатар, семинар жұмысына тәрбие ісі жөніндегі проректор И.В.Ровнякова қатысты.
Іс-шара барысында теориялық-әдістемелік және тәжірибелік мәселелер қарастырылды. Аталған балаларға қолдау көрсету мақсатындағы педагогтардың әлеуметтік-педагогикалық жұмыстары мәселелері талқыланып, ұсыныстар жасалды.
Баспасөз қызметі