Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Сенбілік сырласу

«Серпіндіктердің» аға-әпкелерімен ашық әңгімелесіп, еркін сұқбаттасасу алаңы «Сенбілік сырласу» деп аталады.

Арбаныңалдыңғыдоңғалағы-аға-әпкелерімізбен, арбаның артқы доңғалағы - біздерді байланыстырып - жақтау, орысшаайтқанда «рама» болып отырған Берік мырза алдымен сөз кезегін Ермек Құрманғалитегіне берді. Әңгімесін ресми нотада бастаған ағамыз шамалыдан соң шаба-шаба тынысы ашылған жүйріктей арындап, өткен-кеткен, арғы-бергі жайдың бәріне шолу жасай келе «Серпін» жастарына келген жеріне тастай батып, судай сіңіңдер деген жүрекжарды тілегін де жеткізді.

 Тұлға боп қалыптасу, адам бойындағы талантты ашу туралы әңгімелері жастарға ерекше әсер қалдырды. Қағытпа қалжың, астарлы ойын тыңдап отырып «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Ерекең» ба деп қалдым. Сырттай тәп-тәуір әнші екенін естіген студентіміз Алтынбекұлы Бақдәулет ағамызға қолқа салып, қазақтың қасиетті қара домбырасын ұсынды. Әу демейтін қазақ жоқ, Ерекең Кенен Әзірбаевтың әні «Бас та өлең, құлақ та өлең, мұрын да өлеңіне» басты. Жеңіл, құлаққа сіңісті болып кеткен әндерді емес, айтылуы сирек, тыңдармандарымен тек дәстүрлі әндер кешінде табысатын, орындаушысы «дефицит» болып тұрған қазақ ән өнерінің тамаша туындысын орындағанына риза болдым. Әкемнің сүйікті әні шырқалғанда көз алдыма еріксіз домбыра шертіп отырған әкемді елестеттім... Жалпы алғанда Ермек ағаның өнерлі «психолог» екендігіне көзім жетті.

24-сәуірге жоспарланған «Театрдағы бір түн» туралы жоспарларымен Али Солтанбек бөлісті. Бір жағынан, жұмыстан шығып болғанша қойылымға үлгермейміз дейтін жұрттың бұл жолы қаншалықты жиналатынын аңдаса, екінші жағынан, әртістерге грим, қойылымға пайдаланылатын заттардың қалай жасалатынын, сахнада жарты минуттық рөлі бар әртістің «жарты ғұмырлық» дайындық жүргізетінін көрсетпекші.

Диана Қазыкешова әріптесінің сөзін жалғай отырып, жастарға әпкелік ақыл-кеңесін білдірсе Мақпал Елтайқызы жерлестерін «толғандырған» сұрақтарға жауап берді. Айгүл мен Меруерт апайларымыздың тағдыр жайлы ойлары біздің де ой-санамызға өз жарығын түсірді. Қос тілші ханым қосыла сөйлегенде «аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермеді». «Сенбілік сырласуымыз» сәл болмағанда «Тасжарғанға» айналып кете жаздады.

Пы-сы: кездесу өте жоғарғы деңгейде, позитивті көңіл-күйде өтті. Қонақтарымыз шақыруымызды қабыл алып, үлкен адамгершілік, үлкен мәдениеттілік танытты. Жастар білсін, жастар көрсін, жастар оқысын, тоқысын деп тырмысып жатқан жандарға алғысымыз шексіз. Шынымен де, «Бауырында жүрген соң күнде көріп, Таулардың биіктігі байқалмайды».

Келесі «Сенбілік сырласуға» сіз де келіңіз.

 Әлібек Қысатай, «Серпін-2050» штабының баспасөз хатшысы

Қазақ
× You found a Typo