Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Серіктес-ЖОО-лар жаңалықтары: КИПУ, АМПУ, ОмГУ

Қырым инженерлік-педагогикалық университеті (КИПУ), Қырым Республикасы, Ресей

*Сәндік өнер кафедрасында бакалаврлардың дипломдық жұмыстарын қорғау шарасы өтті. Диплом жұмыстарының жартысынан астамы ұйымдармен келісімге отырып, қала мектептерін, балабақшалар мен Мәдениет үйлерін әсемдейтін болады. Сонымен қатар, түлектердің көбі мамандық бойынша жұмыс істеуде.

*Н.Э. Бауман атындағы Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің (Мәскеу қ.) бір топ студенті Қырым инженерлік-педагогикалық университетінде болып қайтты. Ондағы мақсат – білім ошағының тынысымен танысып, серіктестік мүмкіндігін қарастыру.

Армавир мемлекеттік педагогикалық университеті (АМПУ),  РФ

*Армавир мемлекеттік университетінің «Русская дорога» құрамасы Светлогорскте өткен, КВН командаларының Халықаралық музыкалық «Голосящий КиВиН» фестивалінде, кіші КиВиН-ге ие болды. Биылғы жылы аталмыш фестивальге әлемнің әр түкпірі мен Ресейден 15 команда келді. Қазылар алқасының құрамында Юлий Гусман, Валдис Пельш, Пелагея, Сергей Светлаков, Семен Слепаков, Олег Газманов және Владислав Третьяк сынды жұлдызды қонақтар болды.  

Ф. Достоевский атындағы Омск мемлекеттік университеті (ОмМУ), РФ

*Ф.М. Достоевский атындағы Омск мемлекеттік университеті үш көрсеткіш бойынша тағы да елдің ең үздік 20 университетінің құрамында. Айта кету керек, аталмыш университет Мәскеу және Санкт-Петербург сынды ірі қалалардың жоғарғы оқу орындарына бәсекелестік көрсетуде.

Баспасөз қызметі

ақпарат университеттердің сайттарынан

http://kipu-rc.ru/

http://www.agpu.net/

http://www.omsu.ru/

Қазақ
× You found a Typo