Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Серіктес ЖОО жаңалықтары: Қазан федералдық университеті

Қазан федералдық университетінде СД және ҒЖ жөніндегі проректор И. Ровнякова бастаған ШҚМУ делегациясы жүр, осыған орай аталмыш әріптес оқу орнының жаңалықтарын ұсынамыз.

*Қарашада Ресейдегі ең көне ЖОО-лардың бірі – Қазан университетіне 214 жыл толды. Университет бұрын Императорлық деп аталған, қазір Мемлекеттік немесе Приволжский (Федералдық) деп аталады.

*Қазанда ҚФУ өкілдерінің қатысуымен дінтанушы Марджани ескерткіші ашылды. Ол ақ мәрмәрдан жасалған, жоба авторы – татар мүсіншісі Баки Урманче.

* Бүкілресейлік патриоттық бағыттағы қоғамдық студенттер ұйымдары мен бірлестіктерінің форумы Қазанда басталды. Қазан университетінің 214 жылдығында өткен салтанатты ректор Ильшат Рафкатұлы Ғафуров ашты.

*Қазанда «Жас кәсіпқойлар» аймақтық чемпионатының бірінші кезеңі аяқталды. 100-ден астам құзіреттілік бойынша жеңімпаздар анықталды, олар Татарстан құрамасына енеді. Олардың ішінде Қазан университетінің  өкілдері де бар.

* Ресейдегі тұңғыш және жалғыз университеттік тәулік бойғы телеарна – UNIVER TV хабарлары бүкіл Татарстанға таратады, сонымен қатар Интернет желісінде де каналы бар. «UNIVER TV» ҚФУ құрамына енеді және журналист студенттердің тәжірибе жинақтау алаңы болып табылады.

*ҚФУ өкілі Полина Горюнова «Краса студенчества России-2018» байқауында 12 үздіктің қатарына енді. Ақтық сайыс 22 қарашада Қазанда өтеді.

Баспасөз қызметі

сайт КФУ

Қазақ
× You found a Typo