Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Серпін-2050» студенттері мәслихат депутаттарымен кездесті

«Серпін-2050» бағдарламасымен оқып жатқан студенттер облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен және облыстық Әкімдік қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуде облыстық мәслихаттың депутаты, ШҚО анализ және болжау институты» ЖШС директоры О.В.Чернышов, қалалық мәслихат депутаты, ШҚО Нұр Отан партиясының «Жас Отан» жастар қанатының төрайымы М.Б. Бахыт, облыстық әкімдіктің жастар ішкі саясат бөлімінің директоры А.Есімбекова жастар алдында өз баяндамаларын жасады. Аталмыш шарада ҚР Елбасы Н.А. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтарда жолдаған «Қазақстанның үшінші жаңаруы»: жаһанды бәсекелестік атты жолдауын жүзеге асыру шаралары талқыланды. Тыңдаушы студенттер үшін экономиканы цифрлау жаңа саясатын жүзеге асыру мәселесі аса қызықты болып көптеген сұрақтар туғызды.

Сондай ақ, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын атқару аясында келешек оқу бітіргеннен кейін баспана мәселесін шешу, қызметке кіру туралы ой қозғады. Студент жастар барлық сұрақтары мен ұсыныстарына жеткілікті жауап алып отырды. Кездесу соңында келген қонақтар жастарды Елбасының саясатын қолдауға шақырып, Еліне қызмет ету парыз екенін естеріне салды.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы барлығымыз үшін қиын кезеңде жаһанды сынақтардан мемлекетімізді алып шығатын компас тәрізді. Өткен шараға 100-ден астам студент қатысты.

Байжұманова Л., «Серпін-2050» штабының жетекшісі

Қазақ
× You found a Typo