С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұxтар Әділбекұлы Төлеген «Серпін» штабының жетекшісі Ләйля Төлеубайқызымен кездесті.
ШҚМУ ректоры Мұxтар Төлеген «Серпін» штабының жетекшісімен жүздесті.
Кездесу барысында студенттердің тұрмысы, оқу үлгерімі, тәртібі, жастар арасындағы әртүрлі мәселелер және де басқа да көңіл алаңдатар жағдайлар сөз етілді. Ләйля Төлеубайқызы «Серпін» бағдарламасымен оқып жатқан студенттер жайлы жалпы шолу жасап, олардың бар жағынан белсенді екенін атап өтті.
Бұл кездесу барысында өткен және алда болатын іс-шаралар мен студенттерге қатысты мәселелер қаралды.
Жастар ісі жөніндегі комитет