Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Серпін студенттерінің облыстық драма театр актерлерімен сенбілік кездесуі өтті

8 ақпанында «Серпін-2050» бағдарламасының студенттері штаб студенттік аппаратының ұсынысымен, университеттегі «Шабыт» театр жетекшісі актер Е. Хасеновтың белсенді қолдап ұйымдастырумен  қалалық драмтеатрының актерлерімен кездесу өткізді.

Кездесуде қонақтар арасында театр ардагерлерімен қатар жастарда қонақ болды. Меймандар студент жастармен сұхбаттасуда актер өмірінің ерекшеліктері мен қиыншылықтарын, гастрольдер кезіндегі оқиғаларды, театрдың тарихын паш етті.

Қазақстанның театр майталмандары туралы жүрек жарды әңгімелері студенттерге үлкен әсер қалдырды. Аудиториядағы жастар сахна шеберлерінен көкейтесті көптеген сұрақтарына көңіл толтырар жауаптарын алып отырды. Өз ісінің шебері болуға, қандай қасиеттер қажет, қойылым мәтіндерін қалай есте тез сақтау жолдарын сұрап білді, театр, сахна терминдерімен білімдерін толықтырды.

Сұхбаттасу барысында актер Хасенов Ертай өз басынан өткен қызықты оқиғаларды айтып, жастардың көңілін көтерді. Сонымен қатар,  «Актер қолымнан келмейді - демей - әрқашанда мақсатқа жетемін, табысты боламын! - деген ұранды ұстану керек» - деп кеңес берді.

Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі актриса С. Копабаева жетістікті, табысты еңбек үшін керекті дүние - сауатты, тәрбиелі, алға ұмтылған тұлға болудың қажеттілігін атады.

Жас актерлар да жақсы жетістіктің құпияларымен бөлісіп, үлгі болатын, қазақ театрына еңбегі сіңген үлкен буын әріптестерін еске алды.

2 сағат көлемінде өткен «Сенбілік кездесуде» барлық сұрақтарға жауап бере отырып, актер ұжымы жастарға табысты оқумен қатар белсенді студенттік өмір өткізуге тілек білдірді және театр қойылымдарының құрметті көрермендері болуға шақырды.

«Серпін-2050» штабындағы

 студенттер аппаратының бас сардары Б.Анас

Қазақ
× You found a Typo