Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Серпін» жобасының студенттері «Рухани жаңғыру – менің болашағым» атты дөңгелек үстел шарасын атап өтті

27 наурызда С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да серпін студенттері арасында «Руxани жаңғыру - менің болашағым» атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Жастардың руxани мәдениетін шыңдап, студенттер арасында патриоттық тәрбиеге үлес қосу.
Дөңгелек үстел жүргізу модераторлық жұмысын «Серпін» штабының сардары Анас Бақдәулет атқарды. Модератор дөңгелек үстелдің тақырыбын, мақсатын түсіндіріп, жастарды аталмыш тақырыпты қызу талқылауға шақырды.

Шара барысында студенттер жастар келесі тақырыптар төңірегінде өз баяндамаларын ұсынып, соңында дискуссия, пікір алмасу шараларын жүзеге асырды: «Руxани жаңғырудың жастар арасындағы орны» - ақпараттық жүйелер мамандығының 3 курс студенті Әбді Мақсат; «Ұлттық код ұғымының заманауи өзектілігі» – «Өзін-өзі тану мамандығының 2 курс студенті Күнесбек Эльмира; «Үш тұғырлы тіл саясаты жастар өмірінде» – «Өзін-өзі тану» мамандығының  2 курс студенті Сыйқымбай Аруна; «Латын әліпбиі - Қазақстан жастарына жолсерік» – «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 3 курс студенті Құлыбек Бағдатқали; «Прагматизм тақырыбының жастарға тиімділігі» – «Дефектология» мамандығының 1 курс студенті Шакиров Самат.
Баяндамалар соңында дөңгелек үстелге «Серпін» жобасының 35 білімгерлері қатысып, өз ойларын білдіріп, талқылау жүргізді. Аталған шара «Рухани жаңғыру» атты патриоттық әнмен аяқталды.

                                                      Серпін штабаның сардары Анас Б.

Қазақ
× You found a Typo