Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Серпіндік» студенттер жұмыспен қамту орталығы өкілдерімен кездесті

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің 3 және 4 курс студенттері Өскемен қаласы жұмыспен қамту орталығының өкілдерімен кездесті.

Кездесуде студенттер «Серпін» жобасының түлектеріне әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат алды. Мысалы, облыста жұмыс істеп жүрген түлекке 35 АЕК мөлшерінде көтермелеу материалдық көмегі көрсетіледі, бір жылдың ішінде тұрғын үйді жалдау, коммуналдық төлемдерді төлеу үшін бір адамға 20 АЕК көлемінде ай сайын қаржылай көмек көрсетіледі.

Еске сала кетейік, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасы бойынша түлектер 3 жыл оқыған өңірде жұмыс атқаруға міндетті.

Ағымдағы оқу жылында оқуды бітіретін студенттер облыста жұмысқа тұрып, мемлекет көрсететін көмекетерді пайдалануға ниет білдірді.

15-21 ақпанда Өскемен қаласы жұмыспен қамту орталығының өкілдері ТФжХҚ, ППжМ факультеттері студенттерімен кездеседі. Хабарландыру ресми сайтта жарияланады.

«Серпін» студенттеріне әлеуметтік қолдау шараларымен немесе облыстағы жұмыс берушілер ұсынатын бос орындар тізімімен танысқысы келетін студенттер №1 оқу ғимаратындағы №123 кабинетке келуі тиіс.

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Қазақ
× You found a Typo