Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Серпіндіктер» жұмыспен қамту орталығының өкілдерімен кездесті

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасы бойынша оқып жатқан С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері Өскемен қаласы жұмыспен қамту орталығының өкілдерімен кездесті.

Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің 3 және 4 курс студенттері Өскемен қаласы жұмыспен қамту орталығының өкілдерімен кездесті.

Кездесуде студенттер «Серпін» жобасы түлектеріне арналған әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат алды.

Мысалы, облыста жұмыс істеп жүрген түлекке 35 АЕК мөлшерінде көтерме көмегі, бір жыл ішінде үй жалдау, коммуналдық төлемдер төлеу үшін бір адамға 20 АЕК көлемінде ай сайын көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар, бітірушілерге жұмысқа жіберу, өзін-өзі жұмысқа қамту құқығын беру, жұмыс істеу міндетінен босату ережелері түсіндірілді.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасы түлектері 3 жыл оқыған өңірде жұмыс атқаруға міндетті.

21 ақпанда орталық өкілдері ППжМ факультеті студенттерімен кездеседі. Хабарландыру ресми сайтта жарияланады.

«Серпін» студенттеріне әлеуметтік қолдау шараларымен, облыстағы жұмыс берушілер ұсынатын бос орындар тізімімен танысқысы келетін студенттер №1 оқу ғимаратындағы №123 кабинетке келулері тиіс.

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Қазақ
× You found a Typo