Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Шабыт» студенттер театры есеп беру кешін өткізді

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Шабыт» студенттер театры тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің қолдауымен халықаралық театр күніне орай «Мен театрды сүйемін» атты жылдық есеп беру концерттін қойды.

Бұл кештің мақсаты – жастарды бос уақытты тиімді пайдаланып, рухани азықпен сусындауға бейімдеу. Қазіргі уақытта ұмыт болып бара жатқан қасиеттер мен қарбалас дүниенің көзге көрінбейтін қыр-сырын театр арқылы елге көрсету.

Кешке қонаққа Өскеменнің «Жастар» және Қазақ драма театрлары шақырылды. Оқу орнының ректоры Мұхтар Төлеген «Шабыт» теарының өнерін алғаш рет тамашалады. Концерт барысында студенттерді басқа да қырларынан көре білдік. Олар тек қойылыммен шектелмей, ән айтып, қара өлең, көркемсөздерді көрерменге тарту етті. «Қайран күндер», «Қалталы күйеу қайдасың?», «Махаббат мұңы» спектакльдерінен үзінді қойылды.

Кеш соңы мараппаттау рәсімімен аяқталды. Мұхтар Төлеген «Шабыт» театрына қолдау көрсетіп жүрген Қазақ драма және «Жастар» театрының әртістері Ержан Амантаев пен Мәдина Исинаны жыл сайынғы дәстүрмен студенттер таңдауы бойынша алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар, студенттер театрының мүшелері – 4 курс студенттері Таңнұр Нұрбақыт, Тоғжан Әбдіхани, Ербол Нұрланға және 3 курс студенті Ақберді Отанұлына естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

Театр жетекшісі Ертай Хасенов өткен жылды қорытындылап, рөлдерін сәтті алып шыққан студенттерді марапаттады.

«Шабыт» театры көрермендерге әсерлі көңіл күй сыйлап, көзге жас алдырып, ұмыт бола бастаған әндерді еске алдырды.

Өнерлі жастардың басын қосып, тәрбие бере білген театр жетекшісі Ертай Жұманұлына, тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер бөліміне алғыс білдіреміз.

Інжу Ильяс,

Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенті

Қазақ
× You found a Typo