Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға не кедергі?

Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер үшін шағын және орта кәсіпкерлік – әлемдік экономиканың даму тәжірибесі көрсетіп отырғандай негізгі тұрақтандыушы фактор. Шағын және орта кәсіпкерліктің өнімдері батыс елдерінде ІЖӨ-нің 60-70%-ын құрайды. Жалпы жұмысшылардың 75-80%-ын шағын және орта кәсіпкерлік жұмысшылары болып келеді. Сондықтан шағын және орта кәсіпкерліктің даму деңгейі өнеркәсібі дамыған елдерде мемлекет, аумақ және қаланың жетістіктерінің көрінісі болады деп есептеледі.

Кез келген экономикалық дамуға ұмтылатын қоғам экономикадағы өзгерістерге қажетті жағдайлар жасайды. Сондықтан, шағын және орта кәсіпкерліктің нарықтық жағдайларда дамуы – экономикалық инициативаның айғағы.

Мемлекеттік деңгейдегі нарықтық экономикасы бар елдерде шағын және орта мемлекетті құру мәселесі болған жоқ, өйткені бұл мемлекеттерде ол көптеген жылдар көлемінде табиғи жолмен қалыптасқан, ал Қазақстанда бұл экономикалық сектор өте қысқа тарихи кезеңде қалыптасып келеді, сондықтан бұл мәселе мемлекеттік деңгейде ғана шешіледі. Соған орай Президент ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету межесін белгіледі.

Сонымен қатар, яғни негізін ірі өнеркәсіптік алыптар құрайтын жоспарлы экономикадан негізін шағын және орта кәсіпкерлік құрайтын нарықтық экономикаға көшу жолдарын қарастыра отырып Елбасы Үкімет пен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына бизнестің барлық шығынын жаппай азайту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

2000 жылдардың басында Қазақстандағы нарықтық экономикаға өтуі жоспарсыз, дайындықсыз болды. Басқарушы элитаның есептеуінше, әлеуметтік-экономикалық тоқырауды жеңу мен экономикалық реформалау синхронды және стандартты модель бойынша жылдам жүргізілуі тиіс болды.   Экономикалық саясат өте қысқа мерзімде жасалып, дамыған нарықтық экономикасы бар мемлекеттер тәжірибесіне сүйенді.

Бүгінде Қазақстандағы экономикалық өзгерістер құқық саласындағы қайта құрылымдауды басып озуда. Мұндай жағдай шағын және орта кәсіпкерлік саласында да қалыптасқан.

2004 жылғы 15 желтоқсандағы жағдай бойынша 10 195 Үкімет қаулылары, оның ішінде жою және өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша қолданыста деп есептеледі. Үкіметтің қолданыстағы қаулылырының 420-сы дербес нормативтік құқық кесімдер тікелей кәсіпкерлік қызметті реттейді.

Оларды қарау қорытындысы бойынша Үкіметтің 2005 жылғы 9 ақпандағы №124 қаулысымен Министрлер кабинетінің, Үкіметтің 357 қаулысының күші жойылды.

Бір жағынан қолданыстағы заңнама жүйесінен заңсыз кесімдерді «болдырмауды» қамтамасыз ететін тетіктері жоқ.

Шағын және орта кәсіпкерлік мәселелері бойынша нормативтік құқықтық кесімді қабылдау қажеттігін негіздеу кезінде орындылығын жан-жақты талдау және шағын және орта кәсіпкерліктің жекелеген проблемаларын мемлекеттік реттеудің одан әрі тиімділігі жүзеге асырылмайды.

Бұдан басқа, қазіргі уақытта нормативтік құқықтық кесімдер әрекетінің одан әрі нәтижелілігін қадағалап отыру тетігі мүлдем дерлік жоқ, мұндай нәтижеліліктің көрсеткіштері мен өлшемдері айқындалмаған.

Әкімшілік кедергілер жеткілікті кездесетін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің  тыныс-тіршілігін үш кезеңге бөлуге болады:

- Тіркеу және қайта тіркеу;

- Әрекет етуі және дамуы;

- Тарату.

Жоғарыда аталған әрбір кезеңде шағын және орта кәсіпкерліктің икемділігіне, белсенділігіне және ұтқырлығына әсер ететін көптеген  проблемелар кездеседі, нәтижесінде олардың дамуын тежейді.

Бұл мәселелердің  шешілуіне септігін тигізетін  мынадай  ұсыныстар айтуға болады:

- Бизнес субъектілері үшін салық ставкаларының  олар өндіретін өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің, қосымша құнның деңгейін немесе оның тиімділігін негізге ала отырып, қызмет түрлері бойынша жүргізу.

- Жалдамалы  қызметшілердің  еңбекақысы  қорының  деңгейіндегі   бастапқы мәнін арттыра отырып, салық сомасын азайту  бойынша  есептесуге  қабылдайтын  әрбір  жалдамалы  қызметшіге 2,5-тен 4-ке дейінгі ең төменгі еңбекақы мөлшері бойынша еңбекақыны жою жолымен алмастыру.

- Әрбір жалдамалы қызметшіден 1,5-тен 0,7-0,5%-ға дейін есептелген салық мөлшерлемелерін азайта отырып, жеңілдік  нормасын  төмендету.

-Индустриалды-инновациялық стратегияны  жүзеге асыру аясында жаңа жоғарғы технологиялық өнім түрлерін құруға бағытталған ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге байланысты шығындар бойынша жеңілдік салықтарды бекіту.

Осындай ұсыныстарға сүйене отырып, қазіргі  кезеңде жағдайға қарай салық саясатын дұрыс жүргізе білу ел экономикасының одан әрі қалыптаса беруіне жол аша береді.

Шағын және орта кәсіпкерліктің басты проблемасы – ол несие беру саясаты. Несие тек қана кепілдеме ретінде мүлікке беріледі. Ал кепілдікке жарайтын мүлік шағын және орта кәсіпорында жоқтың қасы, сондықтан шағын және орта кәсіпорындардың керекті несиесіне кепілдік бере алмады. Сондықтан шағын және орта бизнесті қолдайтын арнайы банк, несие банктің бір бөлімі болуы керек.

Шағын және орта кәсіпкерлік фирмалар қазіргі жағдайда делдалдық сферада, сонымен қатар тез саналатын сауда-саттық, қоғамдық тамақтану, азаматтық құрылыс, техника және машиналарды жөңдеу, тағы басқа салаларда орын алып отыр.

Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлік мәселелері мынандай заң актілерімен реттеледі: "Еркін шаруашылық қызметі және кәсіпкерлікті дамыту туралы", "Лицензиялау туралы", "Банкроттық туралы", "Шаруашылық серіктестіктері туралы", "Жеке кәсіпкерлікті қорғау туралы", "Шағын және орта кәсіпкерлік пен кәсіпкерлікті мемлекеттің қолдауы туралы" арнаулы заң керек.

Шағын және орта кәсіпорын өзінің іс-әрекетінде көптеген қиындықтарға кездеседі.

Олар:

 - Шағын және орта кәсіпорындардың негізгі проблемасы – ресурстық базасының жетіспеушілігі: материал-техникалық және қаржылық.

 - Шағын және орта кәсіпкерліктің заңға сүйенерлік базасы жоқ деуге болады.

 - Шағын және орта кәсіпкерліктің іс-әрекетін  терең талдау жасайтын жүйе жоқ.

 - Басты проблеманың бірі – кадр мәселесі. Кәсіпкерлік сүйекке біткен қасиет дейді. Ол мүмкін дұрыс болар, бірақ ондай адамдар аз. Қоғамға керекті кәсіпкерді даярлау керек. Ол үшін оларды таңдап алып оқыту керек.

 - Кәсіпкерлік істі әлеуметтік қорғау керек. Ол үшін әлеуметтік кепілдік және әлеуметтік қамтамасыздандыру тағы басқа шаралар қолдануы тиіс.

ХХІ ғасыр кәсіпкерлік қызметтік  өркениетті жұмыс істеуіне жаңа талаптар қояды. Бұл ең алдымен «интернеттендіру»  үрдістеріне, электрондық саудаға, телекоммуникацияның прогрессивтік нысандарын пайдалана отырып, консалтингтік және оқып-үйрету қызметтеріне, кооперациялық үрдістерге қатысты.

Қазіргі сәтте қазақстандық шағын кәсіпкерлік  аталған үрдістерді ескермей отырғанын айта кету керек. «Шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық ақпараттық көрме орталығы» ЖАҚ жүргізген зерттеулердің қорытындысы табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттіктің қолдауымен еліміздің барлық өңірлерінде осы мәселеде отандық бизнестің өте төмен әлеуеті бой көрсетіп отыр.

Екінші басымдық аясындағы Елбасы ерекше тоқталған жайт – мемлекеттің экономикадағы үлесін ішкі жалпы өнімнің 15%-на дейін төмендету. Бұл экономикалық өсімге тың серпін беруге тиіс. Осыған байланысты Үкімет жекешелендіру жұмыстарын тездетіп, оны 2018 жылдың соңына дейін аяқтайтын болады. Сондай-ақ Елбасы мемлекеттік холдингтер рөлін қайта қарастыруды тапсырды.

Қазіргі таңда шағын кәсіпорындар басшыларының көпшілігі қазіргі заманғы компьютерлік ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жұмыс істеу қызметі үшін ақпарат алғысы келетінін атап өту керек. Бұл ретте кәсіпкерлер үшін мынадай ақпараттық бағыттар едәуір қызығушылық тудырады: шағын кәсіпкерлік мәселелері бойынша, тауарлар, қызмет көрсету, шикізат пен материалдар бойынша нормативтік құқықтық актілер.

Бір жағынан барлық берілген фактілер елде инновациялық технологияларды пайдаланудың (және пайдалануға дайындық) жалпы көрсеткішін білдіреді. Екінші жағынан бұл, сондай-ақ отандық кәсіпкердің әртүрлі жаңа өзгерістерге сенімсіздігінің көрсеткіші, бұл мемлекет тарапынан бақылау-қадағалау функцияларының күшеюімен түсіндіріледі.

Сандық толықтыруда бұл фактілер, сондай-ақ сұралған шағын кәсіпкерлердің төрттен бірі интернет желісіне жалғанғандығымен және үштен бірінің электронды поштамен жұмыс істеуге мүмкіндігі бар екендігімен түсіндіріледі. Бұл ретте кәсіпкерлердің басым көпшілігі интернет беретін мүмкіндіктер туралы біледі.

Олар төмендегідей:

1. Интернет  арқылы  жарнамалау.

2. Іскерлік  байланыстар орнату.

3. Қазақстанда шағын бизнесті жүргізу тәжірибесі.

4. Бизнес  әріптестікке және кооперацияға ұсыныс.

5. Зерттеу және маркетингтік ақпарат.

6. Шағын бизнес бойынша оқу орталықтары.

7. Кәсіпкерлік қызметтің әлемдік тәжірибесі.

8. Кәсіпкерлік бойынша нормативтік құқықтық база.

Шағын кәсіпорындар соңғы жылдары күрт ұлғаюы жаңа нарықтық құрылымның қалыптаса  бастағанының айғағы. Бұл деректер шағын және орта кәсіпорындардың экономикадағы елеулі ролімен маңызы туралы бұлтартпас дәлел бола алады. Алайда, жоғарыда қозғалған мәселелер мен келтірілген фактілерден шағын және орта кәсіпкерліктің әлі де болса өз дамуының мүмкін деңгейінен сан жағынан да, сапа жағынан да төмен екендігін аңғарамыз.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің салалық құрылымы жайлы келтірілген деректерден  байқағанымыздай, барлық шағын және орта кәсіпкерлікте сауда, автомобиль жөндеу, үйде қолданылатын бұйымдар саласының  басымдылығының және басқа салалардың дұрыс дамымай қалуы орын алады.

Тұтастай  алғанда, Қазақстанның шағын бизнесін қолдау инфрақұрылымына, ең алдымен кәсіпкерліктің кадрлық, ақпараттық және зерттеушілік әлеуетін кешенді дамыту бағытына кіретін заңды тұлғалардың қызметін жандандыру өзекті болып көрінеді.

Демек, бұл бағытта әлі де болса жолға қоятын, жетілдіре  түсетін  мәселелер  мен  проблемалар бар екенін көрсетеді.

Сонымен, жалпы шағын және орта кәсіпкерлікті  одан әрі қарқындырақ дамыту үшін не істеу керек деген сұрақ үкіметті де, оның басшыларын да, ғалым-экономистерді де, басқа қауымды да бейтарап қалдырмаса керек. Ол үшін үкімет өткен жылдары қабылданған шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұжырымдама мен бағдарламаларда жіберілген кемшіліктерді, оларда қаралған мақсаттар мен міндеттердің көбінің орындалмай қалуының себептерін терең зерттеп, талдап, соларды енді болдырмауды ескере отырып алдағы уақытта тағы бір үш жылдық мемлекеттік бағдарлама қабылдауы керек сияқты.

Бұл бағдарламада шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту Қазақстан Республикасы индустриалдық-инновациялық дамуының алдағы 2018-2020 жылдарға арналған стратегиясына, оны жүзеге асыруға бағытталған іс-шараларға тығыз байланысты болуға тиіс.

Бұл бағдарламада өз шешімін табуға тиіс екінші үлкен де, маңызды мәселе – бағдарламада белгіленген міндеттерді шешудегі, жүзеге асырудағы мемлекеттік тиісті органдардың облыс, қала әкімдерінің жауапкершілігі нақтылы анықталуға тиіс. Бұрынғы бағдарламалардың үлкен кемшілігінің бірі – осы жауапкершіліктің көрсетілмеуі болатын.

Бүгінде шағын және орта кәсіпкерлік инновациялық экономикада өз орнын жедел іздеу үшін өзінің икемділігін, ұтқырлығын, рыноктық объективтілігін пайдалануы қажет жағдай пісіп жетілді. Мемлекет өз кезегінде кәсіпкерлік ортаның  бастамаларын іске асыру үшін қолайлы жағдай жасауы және өз көмегімен шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан едәуір әлеуеті бар кәсіпорындарға және елдің ғылыми-технологиялық әлеуетін арттыруға бағыттауға тиіс.

Қазіргі уақытта шағын және орта кәсіпкерлік саласында 90 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Оларға биылғы жылдың басынан бері банктер тарапынан 9 млрд. теңгеден астам несиелік қаржы бөлінген. Жергілікті бюджеттегі шағын кәсіпкерліктен 5,2 млрд. теңгеден астам салықтың түсуі де содан.

Жалпы алғанда елімізде шағын және орта кәсіпкерлік саласы басымдылық сипатта дамып келе жатыр десек, халықтық кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығы тұғырлы негізге айналады деуге болады.

Бұл үшін әрбір өңірде, кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейте түсу қажет, бағдарламада белгіленген міндеттерді шешудегі, жүзеге асырудағы мемлекеттік тиісті органдардың облыс, қала әкімдерінің жауапкешілігі нақтылы анықталуға тиіс. Бұрынғы бағдарламалардың үлкен кемшілігінің бірі – ол осы жауапкершіліктің көрсетімеуінен туындап отыр.

 

Н. Тұрсынбекұлы,

 «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы

Қазақ
× You found a Typo