Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Шамшырақ» шығармашыл жастар ұйымының кеші өтті

Күмбірлеген күйге, әуелеген әнге, тұщымды пікірге, жан жүрегінді толқытар поэзияға, әсерлі толқынысқа толы кеш ел аузына ілігіп үлгеріпті. Бірі мақтаса, бірі қайран қалып, енді бірі осы ұйымға мүше болуға ниетті болды.

Кешке дайындық барысында ыстығы мен суығы қатар жүретін қызықты сәттерді өткіздік. Бірлесе үлкен жауапкершілікпен артылған үмітті ақтадық. Мақсатымыз талантын шындай алмай жүрген жастардың өнерін өрге бастыру, рухты жастарды бір-бір шамшырақ етіп тұтандыру еді. Жанған шамшырағымыз лаулап, мәңгілік өз жарығын шашып тұра бергей! 

Кешке ат салысып, жас буынға көмек қолын созған аға-әпкелерімізге алғысымыз шексіз. Ақ бата мен ыстық лебіздерін білдірген С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың тәрбие ісі жөніндегі проректоры Амангелді Толамисовқа, айтыскер ақын, жас қаламгер Гүлнұр Зұлқаршынға, облыстық «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі Маржан Бақытқызына мың алғыс! Сіздердей жастар жанашырлары барда біз өсеміз, лаулаймыз, Шамшырағыз еш өшпейді.

Өнерді бағалап, жанкүйер болған кеш көрермендеріне, барша қатысушыларына рақмет! Тұсаукесер кештің жоғары деңгейде өтуі қатысушыға, өнерпазға байланысты.

Шамшырақ – еліме аз да болса үлес қосайын деген жастар.

Шамшырақ – кітапты серігім деп білетін жастар.

Шамшырақ – өзі арқылы өзгеге ой салғысы келетын жастар.

Шамшырақ – шығармашыл жастардын ортасы.

Шамшырақ – мәңгі өшпейтін рухты жастар.

Қайыржан Басбақбаев,

тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің маманы,

«Шамшырақ» шығармашыл жастар ұйымының жетекшісі

Қазақ
× You found a Typo