С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ұйымдастыруымен «Абай – 175 челледж» форматында өлең құрастырудан және мәнерлеп оқудан республикалық ақындар сайысы өтті.
Жалпы сайысқа әр облыстан 20-дан астам студент қатысып, бақ сынады. Конкурс 2 күнге созылып Zoom бағдарламасы арқылы қорытынды шығарылды.
Кілең мықтылар жиналған додада С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Шамшырақ» шығармашыл жастар ұйымның мүшесі, журналистика мамандығының 2 курс студенті Замира Сүлейменова жүлделі 1 орынды еншіледі.
Жеңісің құтты болсын, Замира!
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі