Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Шамшырақ» ұйымы «Танысайық, жас талант!» кешін өткізді

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Шамшырақ» шығармашылық жастар ұйымы «Танысайық, жас талант атты танысу кешін өткізді.

«Шамшырақ» – жастарды рухани құндылықтармен сусындатуды және студенттердің бос уақытын тиімді пайдалануды көздейтін шығармашылық ұйым. Бұл ұйым студенттерді кітап оқуға шақырып, мәдениет пен әдебиетті сүюге баулиды, этика-эстетикалық талғамдары мен танымын кеңейтуге себепкер болады.

Жиында ұйым белсенділері өз қатарын толықтыру мақсатында төменгі курс студенттеріне өнер көрсетті. Ұйымның мақсатын, бағытын түсіндіріп, жетістіктерін атады. Ән мен жыр орындап, поэзия оқыды, драмалық сюжеттер ұсынды.

Жастардың өз ойын еркін жеткізу, сөйлеу шеберлігін дамыту, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыру мақсатында ойындар ұйымдастырылып, көрермендермен еркін диалог орнатылды.

Кеш көрермен көңілінен шығып, «Шамшырақ» жаңа құраммен толықты.

– «Шамшыраққа» жазылуға әлі де мүмкіндігіңіз бар, жас дос! Бізге келіңіз, болашаққа бірге барайық! – дейді ұйым белсенділері.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлім

Қазақ
× You found a Typo