- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Шамшырақ» шығармашылық ұйымының жалынды жастары «Алтай» арнасында қонақ болды.
Жас болса да, талай іске бас болып жүрген ұйым жетекшісі Қайыржан Басбақбаев, өзіңдік пікірлері бар, шығармашылық шыңына жетсек деп жүрген ұйым мүшелері Айбота Шанжың мен Нұржар Думанқызы «Алтай» телеарнасының «Қазына» бағдарламасында қонақта болып қайтты.
Бағдарламада тәй-тәйлап енді қадам басып келе жатқан ұйымның болашақтағы жоспарлары айтылып, бүгінгі жастар жайлы, олардың мақсаты жайлы тұшымды ойлар ортаға салынды.
Тағылымды әңгімеден күш алған шамшырақтықтар өз шығармашылықтарына білек сыбана кірісті.
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі