Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ЩҚУ-да Қазақстанда халықаралық туризмді дамыту және шет елдердің тәжірибесі жөнінде семинар өтті

Экономика және басқару кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанда халықаралық туризмді дамыту және шет елдердің тәжірибесі» тақырыбында жыл сайын өтетін халықаралық онлайн семинар өткізді.

Модераторлары – э.ғ.к., доцент Г.К.Қойшинова және «Туризм» мамандығының 3 курс студенті А.Дайырбаев.

Семинар мақсаты – Қазақстанда халықаралық туризмді дамытуда өзара тәжірибе алмасу.

Халықаралық семинардың ашылуында алғы сөзді PhD докторы, Экономика және басқару кафедрасының меңгерушісі М.А.Ордабаева сөйледі.

Сондай-ақ, пікірталас тобының қатысушылары – Ati Tosun (Switzerland) «How to develop active and adventure eco-tourism in Eastern Kazakhstan», Anthony Willoughby (Great Britain) «The Nomadic School of Business Ancient solutions for today's unprecedented leadership challenges!», моңғолиялық халықаралық туроператор, «Blue Wolf Travel» туристік компаниясының директоры Шерияздан Қанат «Моңғолиядағы танымдық туризмнің тиімділігі мен маңызы», Алтай мемлекеттік университетінің доценті И.Н. Ротанова «Эффективность работы на рынке виртуального туризма и цифровизация туризма», ШҚУ Экономика және басқару кафедрасының доценті М.А. Ордабаева «Санаторлық-курорттық туризмді дамыту мәселелері», HR SKY SCHOOL негізін қалаушы, персоналды басқару бойынша сертификатталған консультант А.К. Құсаинова «Актуальные тенденции в управлении персоналом в период пандемии», Экономика және басқару кафедрасының аға оқытушысы А.С. Асубаева «Гендерлік саясаттың халықаралық туризмді дамытуға әсері» баяндамаларын жасады.

Туризм индустриясы – әлемдік экономикада тез дамып келе жатқан ең серпінді салалардың бірі. Семинар шеңберінде сарапшылар туристік инфрақұрылымды, әсіресе көлік және коммуникацияны дамыту, туристік кәсіпорындардың басшы кадрлары мен қызметкерлерін оқыту үшін жағдай жасау, туристік объектілерде экологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету, халықаралық нарықтарда туризмді ілгерілету, туризм үшін қолайлы ретінде өз елінің бейнесін жасау мақсатында жарнамалық-ақпараттық жұмысқа бюджеттен қажетті қаражат бөлу тақырыптарын талқылады.

Экономика және басқару кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo