Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Шет тілдері және аударма ісі кафедрасында өндірістік педагогикалық іс-тәжірибе бойынша конференция өтті

Шет тілдері және аударма ісі кафедрасында орта мектеп және ТжКБ базасында күндізгі бөлімнің бітіруші курс студенттерімен өндірістік педагогикалық практика бойынша қорытынды конференция өткізілді.

Практика жетекшісі Е.Е.Чжан мен кафедра меңгерушісі Г.К. Қапышева бітіруші курс студенттерінің есептік-қорытынды конференциясын ұйымдастырды.

Ағымдағы оқу жылында өндірістік педагогикалық практикаға күндізгі бөлімнің 78 студент-практиканты шықты.

Тәжірибе барысында студенттер шет тілі саласындағы кәсіби дағдыларды дамытып, өндірістік жағдайдағы мамандықпен танысты.

Тәжірибе базалары Шығыс Қазақстан облысы мен республиканың білім беру мекемелері болды.

Пандемия жағдайына байланысты тәжірибе аралас форматта өткізілді, студенттер Кәмшат Кенебай, Анаргүл Жүсіпбекова, Жансая Қалдарбекова, Назгүл Жұматай өздерінің қабілеттерін көрсетіп, мектеп әкімшілігінен жұмысқа орналасу туралы ұсыныс алды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo