Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті Шет тілдері және аударма ісі кафедрасының студенттері Тәуелсіздік күніне арналған кураторлық сағатқа презентациялық бейнематериалдар дайындады.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» кураторлық сағатын Шет тілдері және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы, куратор Д.А. Маткәрімованың жетекшілігімен студенттер дайындады.
Кураторлық сағат барысында Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуы – ел тарихындағы жаңа кезең, экономикадағы, өнеркәсіптегі, ғылымдағы және ауыл шаруашылығындағы жетістіктер туралы көптеген қызықты жайттар айтылды.
Іс-шара соңында мемлекеттілік және Тәуелсіздік рәміздері туралы бейнеролик көрсетілді.
Шет тілдері және аударма ісі кафедрасы