Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Шет тілдерін оқитын ШҚУ студенттеріне емтихан өткізу ережелері түсіндірілді

Шет тілдері және аударма ісі кафедрасының «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының студенттерімен қысқы емтихан сессиясын өткізу бойынша түсіндіру жұмысы өткізілді.

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің эдвайзері ұйымдастырған студенттермен кездесу онлайн форматта өтті.

Кездесуге Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің деканы Әлия Өскембай, деканның оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Әсел Тоқтыбаева, Шет тілдері және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Қапышева, сондай-ақ топ кураторлары қатысты.

Кездесу барысында студенттерге қысқы емтихан сессияларын өткізу бойынша түсіндірме ақпарат берілді, олар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды және осы кездесуді ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Барлықтарыңызға емтихан тапсыруда табыс тілейміз!

Шет тілдері және аударма ісі кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo