2018 жылдың 7-наурызында «Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығында тіл үйрену курстары оқытушыларының қатысуымен «Шет тілін оқытудағы жаңа бағыттар» тақырыбында семинар-коучинг өткізілді. Семинарға қатысушылар «Оқу стансалары» әдісімен шет тілін оқыту барысындағы өзекті мәселелерді талқылаумен қатар, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барысында коуч - «Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығының жетекшісі Қалелова М.Ж. өзінің шет тілін оқытудағы қолданып жүрген алдыңғы қатарлы еуропалық әдіс-тәсілдерінің бірқатарымен таныстырды.
Семинар нәтижесі қорытындыланғаннан кейін келесі айда өткізілетін семинардың тақырыбы белгіленді.
«Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығы