Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Шетелде білім алу орындалмайтын арман емес

Нақты мақсатты көздеп, білім мен табыс жолына ұмтылған жастар үшін әлемнің барлық елдеріндегі ең беделді университеттер мен колледждердің есігі айқара ашық деп ойлаймын.

Менің оқу ордам С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінде өз студенттеріне шетелдік серіктес университеттердің "академиялық ұтқырлық" бағдарламасы арқылы бір семестрге білім алуға мүмкіндік бар. Сол мүмкіндіктердің бірі маған бұйырып, дәл қазір "студенттермен академиялық алмасу" бағдарламасы бойынша, білімді алдыға тартқан Еуропа елдерінің бірі, Франция елінің, Пуатье қаласында, Пуатье Университетінің "Филология және тілдер" факультетінде (1-семестр) өз білім деңгейімді жоғарлатып жатырмын.

Бұл университеттің оқу жүйесіне келетін болсақ, Кредиттік оқыту жүйесін ұстанады. Осы жүйеге сай 1 апта бойы барлық сабақтар мен ұстаздардың курстарын бақылап, кейіннен оқытушымен білім алу курстарын өзімізге қолайлы етіп таңдадық. Бұл университеттің негізгі ұстанымы - алған білімін өмірде қолдана білетіндей тұлға тәрбиелеу.

Сонымен қатар, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша Өскемен қаласының С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінде оқуымды жалғастырып келемін. Білім алуға мүмкіндік жасап, мені қолдаған университетіміздің профессорлық-оқутушылық құрамына алғысым шексіз!

Маратова Б.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенті

Қазақ
× You found a Typo