С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 10 оқытушысы халықаралық CEFR (Cambridge English Placement Test) on-line тестін сәтті тапсырды.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының 10 оқытушысы – Жүнісова Г.Т., Тұқышова А.Е., Әдиқанова С., Белдеубаева Ж.Т., Шошақ М., Тілебалдинова А.С., Қайдарова М., Кәрменова М.А., Уәлханова А.Т және биология кафедрасының оқытушысы Сутула М.Ю. CEFR (Cambridge English Placement Test) шет тілін меңгеру деңгейлерінің жалпы еуропалық шкаласына сәйкес ағылшын тілін білу деңгейін анықтайтын халықаралық on-line тестін сәтті тапсырды.
Естеріңізге салсақ, 18 наурыздан бастап «Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығында IELTS халықаралық емтиханына дайындық тобы ашылды. IELTS тобына қабылдау ашық.
CEFR/IELTS сынақтарына дайындалу және тапсыру бойынша толық ақпарат алу үшін «Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығына хабарласуларыңызды сұраймыз.
«Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығы