Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ 13 магистрді дайындап шығарды

2018-2019 оқу жылының 1 семестрінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ қосымша академиялық кезең аясында 13 магистрді дайындады. Оларға қосымша академиялық кезеңді бітіру жөніндегі куәліктер табыс етілді.

Оқу барысындағы сабақтарды университеттің білікті оқытушылары: фил.ғ.д. А. Қартаева, п.ғ.д. Н. Завалко, филос.ғ.к. Ж. Сейтембетов, п.ғ.к. Н. Радченко, з.ғ.к. Қ. Рахымбердин, б.ғ.к. А. Кітапбаева, пс.ғ.к. С. Стельмах, э.ғ.к. А. Апышева жүргізді.

2018 жылдың 26 желтоқсанында бейіндік бағыттағы магистратура түлектеріне қосымша академиялық кезеңді бітіру жөніндегі куәліктер тапсырылды.

Тапсыру салтанатына оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор, б.ғ.д  А. Мырзағалиева, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің бастығы М. Нықмұқанова, бөлім мамандары және кафедра оқытушылары қатысып, түлектерге тілектерін айтты.

Сөз соңында түлектер педагогикалық қызметпен айналысуға ұсынылған мүмкіндік үшін, курстың сапалы ұйымдастырылуы үшін университет басшылығына, профессорлық-оқытушылық құрамына алғыстарын білдірді.

«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Магистратура» мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес бейіндік магистратураны бітірген магистр педагогикалық іс-тәжірибені өту және педагогикалық бейіндегі пәндер топтамасын меңгеру жағдайында ғана ғылыми және педагогикалық қызметпен айналыса алады.

Оларға бітірулері бойынша берілетін негізгі дипломның тағайынды үлгісінің лайықты куәлігі қосымша академиялық кезеңінің ағымында пәндердің берілген топтамасы және педагогикалық іс-тәжірибе игеріледі.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo