№9 оқу ғимаратында қазақ, орыс филологиясы және журналистика, шетел тілдері және аударма ісі, экономика және басқару, қаржы және есеп кафедралары орналасқан.
Оқу аудиторияларынан басқа, ғимаратта мамандандырылған кабинеттер мен ғылыми орталықтар бар.
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасында С. Аманжолов, З. Ахметов, Д. Әшімханов және Қ. Бітібаева атындағы аудиториялар жабдықталған. Сонымен қатар, Абай атындағы аудитория ашылды.
Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасындағы корей, неміс, түрік, испан, қытай және ағылшын тілі кабинеттері толықтай жабдықталған. Студенттердің өзіндік жұмысы үшін лингафонды кабинет, аудио-видео зал, оқу залы бар.
ACCELS, USIS, Британдық кеңес, Германия елшілігі, Швейцария елшілігі, Корей орталығы ұйымдары мамандықтардың материалдық жабдықталуына үлкен көмек көрсетеді.
Экономика және менеджмент кафедрасының ғылыми-зерттеу орталықтарының құрамына аймақтық экономикалық мониторинг және талдау зертханасы және G-Global сайтындағы экономикалық және құқықтық зерттеулер орталығы кіреді.
Қаржы және есеп кафедрасында бухгалтерия, салық лабораториясы бар.
№9 оқу ғимараты Крылов көшесі, 72 мекенжайы бойынша орналасқан.
Баспасөз қызметі