Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ «Абай еліне тағзым» форумын ұйымдастырды

Ұлы Абайдың туған күні қарсаңында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің бастамасымен, Абай ауданы әкімдігінің қолдауымен «Абай еліне тағзым» атты форум өтті. 

Соның бір жарқын көрінісі ретінде ұлы ақынның туған күні қарсаңында 9 тамыз күні С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің бастамасымен, Абай ауданы әкімдігінің қолдауымен «Абай еліне тағзым» атты форум өтті. 

 Форумның мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Абай Құнанбаев есімін ұлықтау, ұлылар өлкесіне тағзым ету, студент жастар арасында Абай мұрасын насихаттау. Бұл форумға университеттің ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлеген бастаған оқытушылар мен студенттер, жиыны 72 адам Өскеменнен арнайы келді.  

Форум аясында Абайдың әндері шырқалып, күйлері тартылды, шығармаларынан үзінділер оқылды. Сондай-ақ, «ШҚО-ның қасиетті жерлерін зерттеудегі С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың үлесі» көрмесі, «Абай оқулары» өтіп, университетішілік «Абай оқулары» сайысының жеңімпаздары марапатталды.  Абайттану саласына еңбегі сіңген бірқатар азаматтарға университеттің Ғылыми Кеңесі шешімімен «Абай» медалі тапсырылды.

Ресми шаралардан соң Абай рухына, ата-бабалар аруағына құран бағышталып, 300-ге тарта адамға ас берілді. Абай, Шәкәрім мұражайларына саяхат жасалып, Абай елі, ұлы тұлғалары, Абай, Шәкәрім, Мұхтар мұрасына қатысты тағлымды әңгімелер айтылды.  

Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің:  «Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнімізге қосылып, жаңа өріс алып тұр»,-деген дана сөздері бүгінде ақиқатқа айналғандай. 

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ұжымының игі бастамасын басқа оқу орындары жалғастырып, «Абай еліне тағзым» киелі керуені Абайдың келер замандарға рухани  сапарын жалғастыра берсін!», - деген тілек айтқым келеді.

Филология ғылымдарының кандидаты,

доцент Бақытжан Келгембаева

Фото  https://cloud.mail.ru/public/ogCL/4QzSZHe4f

Қазақ
× You found a Typo