Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ «Академиялық адалдық лигасына» енді

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Академиялық адалдық лигасына» еніп отыр.

28 тамызда Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінде еліміздің жетекші ЖОО-лары «Академиялық адалдық лигасы» қызметінің мәселелерін талқылады. Лига жұмысына ШҚМУ-дан азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасының меңгерушісі Асыл Сәбитова қатысты.

«Академиялық адалдық лигасының» құрамына елдегі 20-дан астам жоғары оқу орны енді.

Лиганың негізгі мақсаты – академиялық адалдық қағидаларын жүзеге асыру арқылы білім беру сапасын көтеру.

Лиганың қызметі әлем университеттерінің үздік тәжірибесіне негізделген 10 қағидатпен байланысты. Кездесуде Лиганың жарғысы және құрылтайшы құжаттары мақұлданды, «Академиялық адалдық лигасын» құру туралы декларацияға қол қойылды.

Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo