Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ «Аламан» фестивалі өтті

ШҚМУ «Мәңгілік ел жастары ирдустрияға!» - «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша білім алып жатқан студенттердің арасында өткен «Аламан» фестивалін өткізу туралы.

3-27 қарашаға аралығында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ -де «Аламан» фестивалінің 10 номинациясы бойынша спорттық және мәдени шаралар өткізілді.

22.11.-25.11.2017 аралығында «Мақтан тұтар мекенім» тақырыбында мақала жазу сайысы мен «Мамандығым-мақтанышым» атты эссе сайысы өткізілді. Эссе, мақала жазу жазбаша материалдар ретінде өткізіліп, әлеуметтік желілерде жарияланып, әрбір қатысушы 150-ден артық дауыс жинады. Жазбаша варианты комиссия мүшелерімен қарастырылып, оған қосымша желілердегі дауыс саны ескеріліп 1,2,3 орын жүлдегерлері анықталды.

«МЕНІҢ МАҚТАН ТҰТАР МЕКЕНІМ» ҮЗДІК МАҚАЛА БОЙЫНША:

1 орын – Әбен Асан, Дефектология мамандығының 1 курс студенті

2 орын – Ошан Маулипа, қазақ тілі мен әдебиетрі мамандығының 2 курс студенті

3орын – Бегайдаров Жалғас, материалтану және жаңа материалдар технологиясымамандығының 2 курс студенті иеленді.

«МАМАНДЫҒЫМ – МАҚТАНЫШЫМ!» үздік эссе жазу сайысы бойынша:

1 орын – Кәденова Гульжазира, қайта өңдеу өндірісінің технологиясы мамандығының 1 курс студенті;

2 орын – Әмірбек Сымбат, Дефектология мамандығының 1 курс студенті;

3 орын - Күнесбек Эльмира, Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану мамандығының 2 курс студенті иеленді.

Барлық жүлдегерлер грамоталармен, бағалы сыйлықтармен мараптатталды.

06.11.2017 - 07.11.2017 ж аралығында «Шынықсаң шымыр боласың» номинациясының аясында қыздар жәнеде ер балалар арасында волейбол және тоғызқұмалақ ойындарынан жарыстары өткізіліп жеңімпаздар анықталды:

ТОҒЫЗҚҮМАЛАҚ ОЙЫНЫ БОЙЫНША:

Қыздар арасында:

1 орын – «Әлемуеттік педагогика және өзін өзі тану» мамандығының 2 курс студенті Сыйқымбай Аруна (2016-2017оқу жылының, 2017-2018 оқу жылының үздік чемпионы);

2 орын – Химия мамандығының 1 курс студенті Мұхамедқали Тоғжан;

3 орын - Қазақ тілі мамандығының 2 курс студенті Сүйіндік Жансезім иеленді.

Ер балалар арасында:

1 орын – тіршілік қауіпсіздігін сақтау және қоршаған ортаны қорғау мамандығының 2 курс студенті Бақытбекұлы Батырлан;

2 орын – Зарқұм Нұрсолтан, 1 курс математика мамандығының 1 курс студенті

3орын – Білән Ғасыр, тіршілік қауіпсіздігін сақтау және қоршаған ортаны қорғау мамандығының 1 курс студенті ие болды.

ВОЛЕЙБОЛ ОЙЫНЫ БОЙЫНША:

Қыздар арасында 3 команда қатысып:

1 орын – «Феникс» командасы

2 орын - «Серпіліс» командасы

3 орын – «Алау» командаларына берілді

Ер балалар арасында 6 команда қатысып:

1 орын –«Болашақ» командасы

2 орын – «Парижар» командасы

3 орын - «Қыран» команадасына берілді. Барлық командалар 1,2,3 дәрежелі Грамоталармен марапатталды.

29 қараша «Аламан» қорытынды галаконцерті өткізіліп, шараға 68 Серпіндік студенттері қатысты. Концерттік бағдарламаға ректор м.а. Ровнякова И.В., стратегиялық даму және ғылыми жұмысы бойынша проректор Мырзағалиева А.Б., «Егемен Қазақстан» газетінің ШҚО-дағы меншікті тілшісі Қасым А.Ә., «Қазақстан спорты» газетінің тілшісі, ШҚМУ құрметті профессоры Елубай О., облыстық «Дидар» газетінің тілшісі Болатұлы Т., қалалалық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Екібасова М.Ш., облыстық «Дзюдо» облыстық федерациясының вице-президенті Бадығанов М.А. құрметті қонақ ретінде шақырылып студенттерді марапаттауға қатысты.

Бағдарламаның жүргізуші (конферансье) рөлін үздік дарынды белсенді 5 студент атқарды (Күнесбек Эльмира-Әлеуметтік педагогика және ӨӨТ мамандығының 2 курс студенті, Жұмабаев Жүрсін – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенті, «Қулыбек Бағдатқали - Ақпарттық жүйелер мамандығының 3 курс студенті, Ілияс Інжу – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенті, Әбді Мақсат - Ақпарттық жүйелер мамандығының 3 курс студенті). Концерттік шарада ұлттық би (түрік халық биі), заманауи 2 би, «Мен қазақтың баласымын» атты патриоттық би, 6 жеке – соло, дуэт патриоттық, эстрадалық әндер орындалып, «Көңілді жігіттер», «Бес саусақ», «Онлайн» және «Серпін серілері» атты Жайдарман командалары өнер көрсетті.

Концерттік шара барысында жаз мерзімінде, 22-31 шілде аралығында оңтүстік облыстарында талапкерлермен кәсіптік бағдар беру жұмысына белсене қатысқан оқытушылар Жакупова Р.М. (қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы), Сапанова А.М. (қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы), Бейсенова С.Ж. (шетел тілдері және аударма ісі кафедрасы), Қасымбекова Г.К. (психология және коррекциялық педагогика кафедрасы), Калиакперова Н.З.(Жоғары колледж) және студенттер Сейітжан Дидар (Тіршілік қауіпсізідігін сақтау және ҚОҚ, 3 курс), Қайып Тамабай (Тіршілік қауіпсізідігін сақтау және ҚОҚ, 3 курс), Амангелді Ержан (Тіршілік қауіпсізідігін сақтау және ҚОҚ, 3 курс), Утенов Бағлан (Материалтану және жаңа материалдар технологиясы, 2 курс), Батырбек Әлиасқар Бағлан (Материалтану және жаңа материалдар технологиясы, 2 курс), Азимханов Аслан (Тіршілік қауіпсізідігін сақтау және ҚОҚ, 3 курс), Маратов Еламан (Тіршілік қауіпсізідігін сақтау және ҚОҚ, 3 курс), Балтабаева Назым (Информатика, 3 курс), Төлегенова Назгүл (Физика, 3 курс), Ибаділдаева Маржан (Тіршілік қауіпсізідігін сақтау және ҚОҚ, 3 курс), Панзабек Шаттық (Тіршілік қауіпсізідігін сақтау және ҚОҚ, 3 курс) Алғыс хаттарымен марапатталып, 2016-2017 оқу жылында университет қоғамдық жұмысымен қатар «Серпін» жобасының студенттік өмірінде белсенділік танытқан жастарға Алғыс хаттар мен марапттау хаттары тапсырылды.

Концерттік кеш соңы «Мен қазақтың баласымын» атты патриоттық бимен аяқталды.

 

Ілияс Інжу, Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенті,

Күнесбек Эльмира, Әлеуметтік педагогика және өзін -өзі тану

мамандығының 2 курс студенті

 

 

Қазақ
× You found a Typo